Азан айтылған кезде естіген адам не істеу керек?

Азан айтылған кезде естіген адам не істеу керек?

Азан тек азаншылармен шектелетін құлшылық емес. Сондықтан да азанды естіген әрбір адамға қатысты бес сүннет амал бар. Олар:

1. Азаншының соңынан ілесіп, азан сөздерін қайталау. Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Егер азан үнін естісеңдер, азаншы айтқан сөздерді қайталаңдар[1]», – деген риуаят жеткізген.

Тек «Хайа ъаләс-солә және хайа ъаләл фәләх» (мағынасы: Намазға асық, мәңгілік бақытқа асық) сөздерінен кейін «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ», – деп айтуы қажет. Мұғауия бин Әбу Суфиян (р.а.) «Хайа ъаләс-солә» сөзін естіген кезде «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ» деп, мұны Пайғамбарларыңнан (с.ғ.с.) естідім[2]», – деген екен;

2. Азаннан кейін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту. Абдулла бин Амр (р.а.): «Сосын маған салауат айтыңдар. Өйткені, маған салауат айтқан адамға Алла он салауат береді[3]», – деген хадисті баяндайды.

3. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ең жоғарғы дәрежені сұрау. Хадисте: «Сосын мен үшін ең жоғары дәрежені сұраңдар. Ол –жәннаттағы мекен. Ол тек Алла құлдарының біріне берілетін. Сол пенде менмін деп үміт етемін. Кімде-кім маған ең жоғары дәрежені сұраса, оған шапағат беріледі...[4]», – деп айтылған.

4. Таухид кәлимасын айту. Сағд бин Әбу Уәққас (р.а.): «Кімде-кім азан естіген кезде: «Әшһәду әллә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ. Уә әннә Мұхәммәд ъабдуһу уә расулуһ» (Алла Тағаланы Раббым деп, Мұхаммедті Елші деп, Исламды дін деп разымын) десе, оның күнәсі кешіріледі», – деген хадисті риуаят етеді.

5. Азаннан соң дұға-тілек жасау. Абдулла бин Амрдан (р.а.) риуаят: «Бір кісі келіп: Уа, Алла елшісі! Азаншылар бізден артық болуда, – дейді. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Олар айтқан сөзді қайтала, біткен соң сұра (дұға жаса), тілегенің беріледі[5]», – деген.
 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста