«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы елді елең еткізген сөзіне қатысты жауап берді

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы елді елең еткізген сөзіне қатысты жауап берді

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтің онлайн брифингте "35-40 мың теңгенің қойлары шариғат талабына сай келмейді" деген сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осыған орай, бас имам әлеуметтік желідегі кейбір жазбаларға қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz.

"Әлеуметтік желіде Қазыбек Иса мырзаның "Құрбандыққа бір жасар қой ғана жарайды деген талап орынды ма?" деген жазбасына жауап қайтаруды жөн санап отырмын. Мен бүгінгі брифинг барысында: "Бұл жерде қойдың жасына назар аудару керек. 6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін. Бірақ қой мен ешкі 1 жасар болуы керек", – деп атап айттым. 

Бұл мен ойдан шығарған меже емес, қой түлігіне қойылатын шариғат талабы осы. Сондай-ақ, дәл қазіргі елорда базарларындағы мал бағасы да осы болып тұр, – деп жазды бас имам.

Оның айтуынша, жыл бойы бір бағаны ұстап келіп, Құрбан айт қарсаңында күрт қымбаттатып жіберетін саудагерлер үшін де имам-молдаларды жазғыра берудің еш жөні жоқ.

"ҚМДБ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жыл сайын жер-жерде қайырымдылық акциялары өткізіліп, қаншама халық қасиетті Құрбан айт шарапатын сезініп келеді. Айтқан ауызға оңай, бірақ сол жаңағы мыңдаған малды құрбан шалуды ұйымдастыру бар, оны мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізу бар, оның сыртында қаншама қыруар шаруасы (құрбандық малын іздестіру, сою жұмыстары, арнайы орындармен келісу, қасапшылар даярлау т.б.) тағы бар. Осы орайда, Елорда өкілдігі бойынша бекітілген 50 мың теңге – қала базарларындағы шариғат талаптарына сай келетін қой бағасы болып тұр. Бұл тұста тағы да түсіндіре кететін жайт, мал базарларда бүгінгі таңда сіз айтқан 35-40 мың теңгеге, әрине, тоқты сатып ала аласыз. Алайда, ол тоқтыңыз арықтау боларына әрі бір жасар қойдай ет бермесіне мен кепіл. "Ал Ислам.кз сайтында" деп көрсеткен Көсемәлі Сәттібайұлының өзі мақаласында: "6-7 айлық кепе қозылар семіз, етті, бір жасар малдың етін беретін болса, Құрбанға шалуға болады" деп келтіреді. Сондағы айтпағымыз – 35-40 мыңға дәл қазір Елорда базарларынан "семіз, етті, бір жасар малдың етін беретіндей" алты айлық тоқты табуымыз екіталай", – дейді имам.

Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде құрбандыққа жарамайтын шағын тоқтылардың да қымбат болатынын айтты.

Брифинг барысында айтқан: "6 айға жетпеген, арықтау тоқтылардың" деген сөзіміз осыны қуаттай түспей ме?! Сол тоқтының "өзін 35-40 мыңға алуларыңыз мүмкін" дегеніміз де базардағы бағаны көріп-білгеннен кейінгі ойымыз. Дегенмен, дәл осы 35-40 мың теңгеге, тіпті ретін келістіріп 20 мың теңгеге шариғат талабына сай келетін құрбандық малын тауып жатсақ, оған ешқандай қарсылық жоқ. Алла Тағала баршамыздың құрбандықтарымызды қабыл еткей, – дейді "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста