Бай болғың келе ме, шүкіршілік ет!
Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», - деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған: «Сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», - деді.
Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, Пайғамбарымыз (с.а.у.) төмендегі жауапты берді:
- Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді.
- Алладан шынайы қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.
- Адамдардың ең байы болғым келеді.
- Алланың бергеніне шүкіршілік ет, адамдардың ең байы боласың.
- Ең әділетті адам болғым келеді.
- Өзіңе қалаған нәрсені өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.
- Адамдардың ең жомарты болғым келеді.
- Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.
- Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді.
- Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.
- Иманымның қуатты болғанын қалаймын.
- Мінезіңді көркемде, иманың қуатты болады.
- Алладан шын қорқатын адам болғым келеді.
- Құлшылықтарыңды Алланы көріп тұрғандай жаса, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көреді.
- Аллаға бойұсынушы құл болғым келеді?
- Бұйырғандарын орында, тыйғандарынан аулақ бол, бойсұнушылардан боласың.
- Қиямет күні Алланың құзырында дәрежемнің көтерілгенін қалаймын.
- Ешкімге қиянат жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.
- Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын.
- Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.
- Күнәларымның азайғанын қалаймын?
- Көп тәубе ет, күнәларың азаяды.
- Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?
- Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.
- Барлығынан күшті, қуатты болғым келеді?
- Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті, қуатты боласың.
- Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?
- Үнемі дәретпен жүр.
- Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді.
- Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.
- Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын.
- Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.
- Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын.
- Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.
- Күнә мен қателіктерден не нәрсе сақтай алады?
- Көз жасы, итағат ету және ауру.
- Алла Тағала қандай амалды жақсы көреді?
- Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.
- Алла Тағалаға ұнамсыз амалдар қандай?
- Жаман мінез бен сараңдық.
- Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?
- Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.
- Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?
- Қайғы-мұңда сабыр ету.
- Алла мен Оның елшісінің (с.а.у.) сүйіктісі болғым келеді?
- Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр!
(Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етілген)
(Тақырыбы өзгертілген)