Бай мен кедейдің айырмашылығы неде?

Бай мен кедейдің айырмашылығы неде?

Бірде Билл Гейтстен біреу: "қызыңызды кедейге берер ме едіңіз?", - деп сұрапты. Сонда миллиардер былай деп жауап беріпті:
Бай деген ол ақшасы көп адам деген сөз емес. Ең алдымен ол - байлықты құру мүмкіндігі. Мысалы: лотереядан немесе кездейсоқ ойындардан ақша табатын адам, тіпті 100 миллионы болса да, бай саналмайды. Ол - жай ғана ақшасы бар кедей адам. Әдетте ондайлардың 90%-ы әрі кетсе 5 жылдан кейін қайтадан таз қалпына түсіп, тақыр кедейге айналатыны осы себептен.
Оның қасында тіпті ақшасы жоқ болса да, бай саналатын адамдар болады. Бұған бір мысал келтіре кетейін. Бір күні банк күзетшісі ақша толы сөмке тауып алады да, оны дереу банк менеджеріне тапсырады. Мұны естіген адамдардың бәрі оны ақымақ деп кінәлайды. Ал шын мәнінде ол ақшасы жоқ бай адам болатын. Осындай адалдығы үшін бір жылдан кейін банк оған жақсы қызмет ұсынады, ал 10 жылдан кейін ол осы банктің аймақтық бөлімшелерінің үстінен қарайтын бастығына айналады. Солайша бір кезде ұрлыққа бармай, тура жолда қалғаны оны осындай абыройға кенелтеді.
"Бай мен кедейдің айырмашылығы неде?", - деп сұрайды осы сәт келесі біреу.
Егерде адам үнемі жаңа нәрсе үйренуге құштар болса және өзін үнемі жетілдіруге тырысса, демек ол - бай адам. Ал керісінше, өзінің өмірде жолы болмағанына мемлекетті кінәлап, байлардың бәрін ұры санаса, нағыз кедей адам сол деп біліңіз. Яғни "қызымды кедейге бермеймін" дегенде мен ақша туралы емес, ол адамның байлық жасау қабілеті жоқтығын меңзеймін. Өйткені өмірде бұлтартпас шындық болса, соның бірі қылмыскер атаулының көпшілігі кедей екендігі. Себебі олар ақша көрсе болды, есіл-дертін жоғалтып алады, сондықтан ұрлық жасап, тіпті соның жолында кісі өлтіруге де барады. Мұның ең басты себебі - олар қалай ақша табуға болатынын білмейді.
Ал болмысы бай адамдар "алтын көрсе жолдан таймайды". Бұған жоғарыдағы күзетші айқын мысал бола алады. Демек, бұдан шығатын қорытынды: байлық - қисапсыз ақша емес, ең алдымен ол адам болмысының көрсеткіші.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста