Бәйбіше мен тоқал бірігіп күйеуіне аққолтық алып берді
Сауд Арабиясындағы Тайып қаласының 70 жастағы тұрғынына екі әйелі аққолтық алып берді: бұл екі әйелі де одан жас болғанына қарамастан жас әйелді өздері таңдап, өздері үйлендірген. «Алғашқыда олар қалжыңдаған шығар деп ойладым. Алайда, олар мені сүйгендіктен осындай қадамға барған екен ғой», - деді Ауад бин Ауаймер Ас-Суайби есімді қарт мұсылман. Бұл жайында «ArabNews» ақпарат көзі хабар таратты. Үйлену тойын да бәйбішелері өздері ұйымдастырған. «Олардың маған жасаған жақсылықтарын өмір бойы ұмытпаймын», - деді қарт толқи тіл қатып. Әлеуметтік желіде пікір білдіргендердің бір тобы оның ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтіріп, «қартайғанда кәрі боз жорға шықты» деп, қарттың бұл қылығын сынға алса, енді біреулер қартайса да қайраты қайтпаған қарттан үлгі алуға шақырды.
islam.kz/kk/news/alem/baibisheleri-toqal-alyp-berdi-4095/#gsc.tab=0