Бала кезде бəрі жақсы, Жаман адам қайдан шығады?

Бала кезде бəрі жақсы, Жаман адам қайдан шығады?

Өтірікші қайдан шықты?

Бала кезінде сіз оны ойнатып жатырмын деп, мəн бермей, алдай беретінсіз. Қолыңызда жоқ болса да, "балам бері келші шокалад беремін",- деп өтірікті көп айттыңыз. "Қайда кеттің?"- деп есіктен жылап, шығарып салып тұрған балаңызға "қазір келемін",- деп ұзааақ іс- сапарларға кете беретінсіз. Сөйтіп, баланың бойына өтірікті дарытып, қоғамда уəдесінде тұрмайтын тағы бір өтіршінің көбеюіне үлес қостыңыз.

Парақор қайдан шықты?
Қандайда бір жетістікке жеткен балаға сыйлық беріп, жылы сөз айтып, арқасынан қағудың артықтығы жоқ. Бірақ, сіз балаңызға көбінесе
сыйлықты келісім шартпен алуды үйреттіңіз. Мəселен, "балам сабақты жақсы оқысаң велосипед алып беремін немесе мусорды төгіп келсең кəмпит беремін",- деген сөздерді айту арқылы қоғамда сыйақы алмаса өнімді жұмыс жасамайтын тағы бір парақорды дайындадыңыз.

Мейірімсіз қайдан шықты?
Балаңыздың қолына сүйікті нəрсесін алып беріп, "енді əкең жақсы ма, анаң жақсы ма",- деген сұрақты қою арқылы екеуін тең жақсы көретін баланың психологиясын қақ айырдыңыз.Сол сəтте керегін алып сізге іші жылып тұрған балаңыздың, "Əкем жақсы",- деген сөзін естіп, мəз болғаныңызбен, ертең дүниесі бар адаммен жылы сөйлесіп, дүниесі жоқ адаммен қол алыспайтын, дүниеқоңыз, мейірімсіз адамды тəрбилеп жатқаныңызды түсінбедіңіз.

Ғайбатшыл, өсекші қайдан шықты?
Жылап жатқан балаңыз жылағанын қойсын деп "менің балам жыламайды, жылай беретін көршінің баласы Сəкен ғой, ол қашан көрсең еңіреп отырады",- деп бөтен адамның сыртынан ой қалыптастыруды үйреттіңіз.Немесе, туған туыстар жиналып отырған сəтте балаңызды шақырып алып, "қане балам Мұрат қалай қорылдайды, Айгүл қалай жүреді көрсетші",- деп өзгелерді əжуалап, мазақтауды бойына сіңіріп, болашаққа ғайбатшыл бір адамды даярлап бердіңіз.

Боқауыз қайдан шықты?
Мектепте бірге оқыған класстасыңызды, əскерде бірге болған служагыңызды т.б əзіліңізді көтеретін достарыңызды кішкентай балаңызға боқтатып, қарқ-қарқ күліп, тілі тəп-тəтті нəрестеңіздің бей əдеп сөзді былдырлап айтқанын қызықтадыңыздар.Сөйтіп болашақта аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан, ашуы қысса ата-анасын да боқтап, ақылынан аузы бұрын сөйлейтін санасыз балалардың қатарын көбейттіңіз

P.S Өмірдегі үлкен қателіктердің барлығы - ұсақ дүниелерден басталатынын ұмытпаңыздар құрметті ата-аналар!

Жандарбек Бұлғақов 

mazhab.kz/kk/maqalalar/gibratnama/bala-kezde-bri-jaqsy-jaman-adam-qaidan-shygady-1392/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста