Балаға ат қоюға қатысты ислам не дейді
Қазақ «Әр елдің салттары басқа, иттері қара қасқа» деп айтпақшы, әр халық өзінің салты мен дәстүріне сәйкес ат береді. Бұл жағдай олардың ұрпақ сабақтастығына, мәдениеті мен өркениетіне және ұлттық құндылықтарына байланысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Ислам мұны құптайды, бастысы, қойылған есім мәнді және мазмұнды болуы қажет.
Пайғамбар (с.ғ.с.) бір түйені әкелдіріп, сахабалардан: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Сонда бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Атың кім?» – деп сұрайды. – Мурра (Ащы). Пайғамбар (с.ғ.с.): «Онда отыр», – дейді.
Сосын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?» – деп сұрайды. Бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Атың кім?» – деп сұрайды. – Харб (Соғыс). Пайғамбар (с.ғ.с.): «Онда отыр», – дейді.
Сосын тағы: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Атың кім?» – деп сұрайды. – «Яғиш» (Өмір сүру). Сол уақытта пайғамбар (с.ғ.с.): «Сен сау», – деп бұйырады (имам Мәлік «Әл-Муатта» кітабынан).
Хадистен көргендей, ислам адамның атына үлкен мән береді. Сол үшін жаңа туылған нәрестеге азан шақырып ат қою діндегі маңызды рәсімдерге жатады.