Бақыттың кілті жасырылған 40 аят (1-5-аяттар)
Бұл өмірде бақытты болуды аңсамайтын жан жоқ болар. Бақытты әркім әрқалай түсінеді. Ал нағыз бақытқа апарар жолды Құранның мына 40 аяты көрсетіп береді:
1. «Сондай-ақ жер бетінде кердеңдеп жүрме! (Сен өзіңді қанша жерден мықтымын деп санасаң да, күш-қуатың, білімің мен қабілетің шектеулі болғандықтан) бәрібір жерді жара алмайсың, тауларменен де бой теңестіре алмайсың!» («Исра» сүресі, 37-аят).
2. «Киіміңді тазарт! Ластық атаулыдан аулақ бол! Атқарған қызметіңді, істеген жақсылықтарыңды көп көріп, міндетсінбе!» («Мүдәссир» сүресі, 4-6-аяттар).
3. «Олар (сабырлы жандар) бастарына қандай да бір қайғы-қасірет келгенде: «Шүбәсіз, бәріміз бір Аллаға тиесіліміз (Оның басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз», – деп айтады» («Бақара» сүресі, 156-аят.
4. «Бұл Құран күллі ғаламға (яғни, барша саналы һәм мойнында жауапкершіліг бар жаратылыс үшін) насихат әрі ескерту» («Тәкуир» сүресі, 27-аят).
5. «Мен қисапсыз мал-дүние тұтындым», – деп мақтанады. Әлде ол өзін ешкім көрмей тұр деп ойлай ма?» («Бәләд» сүресі, 6-7-аяттар).