Бильярд не боулинг ойнауға бола ма, олар харам емес пе?

Бильярд не боулинг ойнауға бола ма, олар харам емес пе?

Ассаламуғалейкум! Бильярд, боулинг ойыны харам ба? Талғат А.
Уағалейкумуссалам, Талғат! Асыл дініміз ойын секілді көңілді сергітетін әрекеттерден тыймайды. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте Эфиопиялық бір кісілер Алла Елшісінің жанында (с.а.у) найзаларымен ойнап жатады. Сол мезетте кіріп келген Әзірет Омар әлгілерге аса таяғын лақтырайын деп ұмтылғанда ардақты Пайғамбарымыз оған: «Уа Омар! Оларды жайына қоя бер!»[1], – дейді.
Дегенмен, еш пайдасы жоқ құр уақыт өлтіретін ойын түрлерінен де қолдан келгенше ұзақ жүруге шақырады. Ол (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «...Мұсылманның алданып, ермек еткен бос ойындарының (әл-ләһу) барлығы бекершілік (батыл). Тек садақ атып, атқа мінуді үйрену және әйелімен қалжындасу басқа»[2] , – деген. Хадистің мазмұнына үңілсек, құр уақыт өткізетін және адамға пайдасы жоқ ойындарды ермек етуді мәкрүһ (ұнамсыз) деп отыр. Ал, керісінше, адамды рухани әрі физиологиялық тұрғыда шыңдайтын спорт ойындарын дініміз қолдайды.

Ендеше, аталмыш ойындарда (бильярд, боулинг) спорттық ерекшелігі басым болғандықтан, бұл ойындарды ойнауға рұқсат десек қателеспеспіз. Алайда мына талаптарды қатаң ескерген жөн. Олар:

Ақша тігілмеу керек. Өзара ақша тігіп ойнау – харам.
Бұл ойындар Алланың парыз еткен бес уақыт намазын қаза етуге апармау керек.
Ойын барысында ұрыс-керіс, боғауыз, бір-бірінің намысын таптау сияқты мұсылманшылық тәлім-тәрбиеге жат әрекеттер болмауы тиіс.
Бүкіл уақытын соған арнап, одан да маңызды істерден мақұрым қалмау.
Аталмыш ойындарды ойнау үшін бильярд үстелін не боулинг жолағын жалға алатындықтан, қызығына шектен тыс батып, тапқан-таянған қаржысын сол ойынды ойнауға жұмсамау шарт. Себебі, бұндай әрекет те «бекер мал шашпақ» қатарына кіретіндіктен дұрыс емес. Бекерден бекер шектен тыс ойынға жұмсағаннан гөрі, сол қаржыны мұқтаж жанға беру әлдеқайда пайдалы.
Жоғарыдағы талаптар ескерілмеген жағдайда, аты аталған ойындарды ойнау да күнә. Ең дұрысы - Аллаға мәлім!

[1] Бухари, Китабуль Жиһад - №2745 – хадис.
[2] Тирмизи, Фазаилуль Жихад - №1637-хадис.
Ескерту: Жоғарыда ұсынылған материал 2013 жылы muslim.kz сайтында жария етілген жазбамның аз-маз редакцияланып, қайта жарияланған түрі.

Абдусамат Қасым 

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста