Бір қарындастың фейсбуктегі жазбалары...
Кімге ренжідім - кешірдім.
Кімді ренжіттім - кешірім сұраймын.
Арман мен мақсат көп, өткен-кеткенге қайырылатын уақыт жоқ!
Тіпті сенің қалай қиналып, талпынып жатқаныңды ешкім көрмесе де уайымдама, Алла бәрін көреді !
Әлсіздер күледі, мықтылар демеу береді.
Кетсе мейлі кете берсін!
Маңдайға жазса оралар!
Оралмаса уақыт өте жүрекке жақын жан табылар!
Тым мықты болғым келмейді... Нәзік, сүйікті, бақытты болғым келеді...
Биіктеп кетсең — құлау бар, қуанып кетсең — жылау бар.
Қарапайымдылық – адам бойындағы ізгі қасиет.
Себебі, екі аяқты пенденің бір -бірінен артықшылығы тек ақыл-ойында ғана.
Құранның сөзі – қасиет,
Пайғамбар сөзі – өсиет.
Үмітіңді үзбе Құдайдан,
Көрсең де қайғы, қасырет.
Адамға емес Аллаға
Жұртқа емес Санаңа бағын.
Ақ пен қараны ажыратар
Ұмытпа досым Құранның барын.
Мұсылмансыңба?
Барлық жерде мұсылман бол!
Тек мешітте ғана емес..
Бақыттың қонғанына мән бермеген,
Бақыттың ұшқанын да кеш біледі...
Аманаты деп танысаң Алланың,
Қыздың жасын мойыныңа алмағын
Қадірлейік қыз баласын құрметтеп
Қыз жылатып күнақар боп қалмайын…
Ең жаман нәрсе — қорқыныш
Ең жаман қателік — тез бас тарту
Ең қауіпті адам —өтірікші
Ең жиіркенішті сезім — қызғаншақтық…
Ешқашан адамның түр сипатына сын айтпа,
Алла солай жаратты, ал сен Аллаға қарсы тұра алмайсың!
Егерде сізде арман, ықылас және табандылық болса – сіз барлығына жетесіз!
Мектеп пен Өмiрдiң айырмашылығы:
Мектепте — бiрiншi сабақ болады, содан соң сынақ болады...
Өмiрде — бiрiншi сынақ, содан соң ол саған сабақ болады...
Күліп жүріп өткерсем де күнімді жылап жатып ұйықтарымды кім сезген...
Достықтың соңы — махаббат бола алады.
Бірақ, махаббаттың соңы — достық бола алмайды.
Мен сезіммен қорықпаймын, мен сезімге батып кетуден қорқамын.
Мен тән жарақатынан қорықпаймын, мен жан жарақатынан қорқамын.
Мен сүюден қорықпаймын, мен керексіз болудан қорқамын.
Мен өлімнен қорықпаймын, мен өзім сүйетін жандарды жоғалтып алуды қорқамын.
Бәріміз біреуді, не бірнәрсені күтумен өміріміз қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз..
Ана тілдің қадіріне жетпесек ,
Қазақ болып қайтеміз күн кешіп!
Солай жаным, сен жылама, мұңай ма,
Жаралғанбыз Алла үшін сынауға.
Бақыт үшін күресе бер, әрқашан,
Әзір болма, мұңыңды айтып басқаға.…
Кім мені сатып кетті - қош бол.
Кім меннен кетті - жолың болсын.
Ал кім менің жанымда қалды - Бағалаймын, жақсы көремін және құрметтеймін.
Сөздерімнен сән кетсе де, мән кетпейді,
Тәкаппарлық ешкімді мәңгі етпейді.
Бір атадан тарайтын екі қазақ,
Бірін-бірі менсінбей - "Мамбет!" дейді.…
Шын сүйген адам – тіпті ең қиын жағдайларда да сенің жаныңда болып, барлық әлем сенен теріс айналса да, сені тастап кетпейтін адам...
Менің енем мені мақтайтын ене болады,
Баласының алдында мені жақтайтын ене болады!..
Қызсың ғой, күле берме
Қызсың ғой, сөйлей берме
Қызсың ғой, дұрыстап жүр
Қызсың ғой, үй жина…
Үміт күткен ұлы оңбаған боп кетсе – әке сорлы,
Қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы,
Сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы,
Қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы.
Қолында шылымы бар, қайран АНА,
Сен де қазақ қызысын ғой жаны ДАРА.
Сен секілді халықтың АРУЛАРЫ,
Болды ғой қазақ үшін үлкен ЖАРА...
Уа Раббым, жаратушы иеміз!
Гүл сияқты көрініп, «тікен» болып бататындардан,
Дос сияқты көрініп «жылан» болып шағатындардан бізді сақтай гөр!...
(бір кем дүние)
Мейіріммен боламыз несібелі,
Құран сөзі жүректің бесігі еді.
Біреу сені ренжітсе кешіре сал,
Алла сені ақыретте кешіреді...
Уақыттың қадірін өлім түсіндіреді,
Өмірдің қадірін көрің түсіндіреді.
Сезімнің қадірін сенім түсіндіреді.
Сөзіңнің қадірін білім түсіндіреді.…
Жыласаң айт - жұбатуға тырысам
Ұнатпасаң айт - сөйлемеуге тырысам.
Жек көрсең айт - жоламауға тырысам.
Шын сүйсең айт - ренжітпеуге тырысам.
Түн ұйқысын төрт бөлген көз ілмей де,
Жақсылығын қаламыз сезінбей де.
Құрсаңғында көтерген анамыздың,
Көтере алмай қаламыз сөзін кейде.
Ш.К