БІР ҚҰДАЙ КӨРІП ТҰР ҒОЙ...

БІР ҚҰДАЙ КӨРІП ТҰР ҒОЙ...

Таң қалудың қажеті жоқ, қазіргі уақытта теледидар қоссаң, атыс-шабыс, өлтіру, газет оқысаң, өмірден опық жеп, өкініп не болмаса лағнет айтып жатқан адамдардың жанайқайы. Уақыт өткен сайын неліктен адамдардың бір-біріне деген өшпенділігінің күшейіп бара жатқанын түсіне алар емеспін. Көшеде кетіп бара жатып уақыттың қанша болғанын сұрамақ түгілі, жығылып жатсаң да қолтығыңнан демеп, жәрдем ететіндер сирек. әсіресе, өзіміз сияқты жастардың дені автобуста, қоғамдық орындарда үлкендерге жол бермей қағып өтіп, орын бермей, отырып алатындықтарына жиі куә боламыз. Бәрі емес, әрине (көпке топырақ шашудан аулақпын).
Кейде: «Мүмкін, осыған әлемді жайлап жатқан дағдарыстың әсері бар ма?»– деп ойлаймын. Себебі, біз өмір сүріп жатқан нарықтың қоғамда «өмір сүрудің кілті – ақша» деген ұғым қалыптасқалы қашан. Бір жапырақ көк қағаз үшін адамдар ұрлық жасауға, өміріне балта шабуға, жақынын сатуға, алдап кетуге, алаяқтық жасауға т.б. бейім. Мұның бәрі – Құдайдан қорықпағандықтан туындайды. Айтар ойыма мысал ретінде жақында ғана ұялы телефонымның жоғалғанын тілге тиек еткім келіп отыр. Әрине, телефонда тұрған ештеңе жоқ, тек сол адам болмашы зат үшін үлкен күнәға батқанын түсінсе деймін.
Заманында әлемді билеп, байлыққа кенелем деген ұлы қолбасшы Ескендір Зұлқарнайын өлгенде бір қолының алақаны жайылып, көтеріліп жатыпты. Көпшілікті қолды жатқызуға әрекет етсе де, ол сол көтерілген қалпынан айнымайды. Сонда бір дана адам келіп: «Сіздер, не себепті қолдың орнына түспей жатқанын білесіздер ме?»- деп сұрайды. Бірақ, оның жауабын ешкім айта алмайды. Сонда әлгі кісі: «Көрдіңіздер ме, әлемді жаулап, байлығына ие болсам деген қолбасшының өзі де о дүниеге ештеңені әкетпегенін, алақанында түк нәрсенің жоқтығын білдіруде»,– деп айтқанда ғана мәйіттің қолы орнына түскен екен.
Ешкім де жер бетінде қанша уақыт өмір сүретінін біле алмайды. Тіпті, 1 сағаттан кейін не боларынан да хабарсызбыз. Сондықтан, ұрлық жасаған адамға басқалар көрмесе де «Бір Құдай көріп тұр ғой» деп айтқым келеді.
Меніңше, қылмысты жүрегінде иманы жоқ, Құдайдан қорықпайтындар жасайды. Ұрлықы дүние ешкімге байлық болып сіңіп кетпейді. Ақыретте күнәсін өзі тартады. Осыны түсінсе...
dinislam.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста