БІСМІЛЛӘНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ

БІСМІЛЛӘНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ

Бір еврей кісі еврей бір әйелге ғашық болып, мәжүнүн болып, жеп-ішуді қойып, бек қиыншылық пен миһнат көрді. Бұл еврей сол заманның Ата есімді ғалымына барып, хәлін айтып:

«Ей, Ата, менің дертіме шипа таба гөр», - деді.

Хазреті Ата «Бісмілләһир раһманир раһим» - ды бір қағазға жазып, осы қағазды жұт», - деді. Еврей қағазды жұтар-жұтпас:

«Ей, Ата, жүрегімде иман нұры пайда болды, маған иманды үйрет», - дей бастады.

Хазреті Ата иман мен ислам үкімдерін үйретті. Бісмілләнің берекетімен еврейдің жүрегінде иман нұры пайда болып, ғибадатпен шұғылданып, әйелді ұмытып, қиыншылықтан құтылды.

Бұл еврей ғашық болған әйел де бір күні Хазреті Атаға келді.

«Ей, Ата, мен түсімде бір адам көрдім. Ол: «Жұмақтағы орныңды көргің келсе, Атаға бар», - деп айтты. Сол үшін саған келдім, жұмақ қайда, көрсет», - деді.

Хазрет Ата:

«Жұмақты көруден алдын есікті ашу керек», - деді.

Әйел:

«Есігі немен ашылады?», - деді.

Ата:

«Бисмилләһир раһманир раһим», - деп айт деді.

Әйел: «Бисмиллаһир раһманир раһим», - деп айтқан еді, жүрегінде иман нұры пайда болып:

«Ей, Ата, маған иманды үйрет», - дей бастады.

Хазреті Ата иманды үйретті. Бісмілләнің берекесімен әйел де мұсылман болып, үйіне қайтты. Сол түні түс көрді, түсінде жұмақтың ішінде, зәулім сарай және бақшаларда жүр екен.

Ұйқысынан оянғанда: «Ей, Раббым, мен жұмақта едім, мені неліктен шығардың?», - деді. «Сол жұмаққа кіргізе гөр!», - деп жалбарынды. Сол мезетте әйелдің үйі жанып, үстіне құлап, шейіт болды.

 

 

 

Аһмад Шихабиддин Қалуибидің

«Науадир» кітабынан алынды.

Әбу Бәкір Сыддық Медресесі

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста