Cәләфизм қашан және қалай пайда болды?

Cәләфизм қашан және қалай пайда болды?

Cәләфизмнің негізі сонау 1143 жылы Таяу Шығыста Нажд жерінде бастау алады. Бірақ, ол уақытта cәләфизм идеологиясы «сәләфизм» деп танылған еді және халықтың санасына аса қатты әсер ете қоймаған болатын. Бертін келе 1206 жылы ибн Таймияның қолдауымен «сәләфизм» идеологиясы қанат жайып, халықтың арасына кеңінен тарай бастады.

Ибн Таймия дінге енгізілген барлық жаңалықты «бидағат» деп жоюмен болды. Сондай-ақ, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың және ізгі әулие-әнбиелердің қабірін зиярат етуді ширк амалына теңеп, одан сақтандыру жолдарын жүргізді. Бұдан сорақысы ибн Таймия бүкіл әлемнің Жаратушысы болған Құранда сипатталған Алла Тағалаға қатысты аяттарға өзінше түсінік беріп, жаратылыстың сипатын беруден тайынбады. Бұл бағытта діни көзқарасы қалыптасқан мұсылмандарды «сәләфизм жақтаушылары» деп атады.

Сәләфизм жақтаушылары бұдан бөлек пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күнін атап өтуді және әр намаз уақытындағы азанда Мұхаммед (с.ғ.с.) есімі ескерілгенде оның артынан «салауат» айтуға үзілді-кесілді қарсы шықты.

Арада шамамен 600 жылдай уақыт өткеннен кейін Нажд жерінде Мұхаммед ибн Абдул Уаһһаб дүниеге келді. Ол алғашқы діни білімді Мәдина қаласында алған. Оның әкесі мен Сүлеймен есімді ағасы халықтың арасында жақсы танымал діни сауатты тұлғалар еді. Алайда, бертін келе ол екеуі Абдул Уаһһабтың көзқарасына қарсы шығып, халықты оның соңынан ермеуге үндеді. Дегенмен, халық арасында діни сауаты төмен мұсылмандар Абдул Уаһһабтың жолына ілесіп, шырмауына түсті. Абдул Уаһһабты қолдаушылар «уаһабилер» атымен көпке танылып мұсылмандар арасында бүлік тудырды. Өздерімен санаспағандарды түгелдей кәпір, деп айыптай бастады. Осыдан кейін ислам ғұламалары уаһабшыларға қарсы: «Ол (Абдул Уаһһаб) адасқан және кім оның соңынан ерсе адасары сөзсіз» деп пәтуа шығарды.

Алайда, Абдул Уаһһаб дегенінен қайтпай өзінің бағытын таухидқа негізделген бірден бір тура жол деген ұстаныммен одан әрі насихаттай берді. Оның ойынша, 600 жыл бойы мұсылмандар ширк былығына батып келген. Сонымен қатар, Абдул Уаһһаб исламды қайта жаңартамын деген мақсатпен мүшриктерге айтылған Құран аяттарын өзіне қарсы келген мұсылмандарға тиістіріп айта бастады. Мәселен, «Ахқаф» сүресінің 5-ші аяты: «Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім асқан кім залым? Әрине, табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз», «Юнус» сүресінің 106-шы аяты: «Алладан өзге саған пайда, зиян келтіре алмайтын нәрселерге жалбарынба. Сонда егер оны істесең, онда күдіксіз сен залымдардан боларсың», «Раъд» сүресінің 14-ші аяты: «Шынайы тілек Аллаға тән. Олардың Алладан өзге тілегендері, оларға ешбір жауап бермейді». Осы аяттарға байланысты Абдул Уаһһаб: «Кімде кім пайғамбардан (с.ғ.с.) немесе өмірден өткен басқа да ізгі әулие-әмбилерден шапағат сұрайтын болса ол жоғарыда айтылған аяттарға лайықты адам болып қалады» деді.

Осындай негізсіз үкімдер шығарғаннан кейін Абдул Уаһһабқа қарсы ислам ғұламалары, соның ішінде Мұхаммед ибн Сүлеймен әл-Курди былай деді: «Ей, Абдул Уаһһаб, мұсылмандарға тіл тигізбе, расында, мен саған ескертемін».

Сонымен қатар, Абдул Уаһһаб намазда айтылған азанда Мұхамед (с.ғ.с.) есімі аталғанда оған дауыстап салауат айтуды қате санап, оны Аллаға серік қосушымен теңеді. Осындай көзқараспен уланған бір уаһабшы Дамаск қаласының мешітінде азан айтылып Мұхаммед (с.ғ.с.) есімі ескерілгенде мешіт жамағаты дауыстап пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айта бастағанда, жамағатқа қарсы шығып «Азан уақытында салауат айту – харам» деген үкім айтып мешітте дау шығарады. Мұндай жағдай сол уақыттағы бас мүфти Әбу Юсур әл-Абидиннің құлағына жетіп Шам өлкесінде сәләфилердің көсемі болған Наср ад-Дин Албаниді шақыртады. Сонда мүфти Албаниға: «Бұдан былай мұсылмандардың тыныштығын бұзатын дәрістерді жүргізуді тоқтат. Егер бойсұнбай бұлай жалғаса берсе елден қуыласың» деп ескерту жасайды.

Абдул Уаһһаб бұл ескертуге құлақ аспай Дириъия жерінде діни дәрістерін беруді жалғастыра берді. Ол Дириъядағы мешітте әр жұма күні мінберге шығып былай дейтін: «Кімде кім пайғамбарға с.ғ.с. тауассул жасаса кәпір болады». Мұндай бауырының шектен шыққанына төзе алмаған Абдул Уаһһабтың ағасы Сүлеймен: «Ей, Абдул Уаһһаб, ислам діні бес негізге қаланғанын білесің. Бірақ, сен осы бес негізге «Кім де кім менің дегеніммен жүрмесе ол кәпір», деп алтыншы негізді қалыптастырдың» деп інісінің әрекеттерін қатты сынға алады. Райынан қайтпаған Абдул Уаһһабты көрген Сүлеймен өзіне төнген қастандықтан қорқып Мәдинаға қоныс аударып кетеді. Ол Мәдинада інісіне қарсы «Сауъид Илаһия фи рад аълаУаһабия», «Фаслу хитаб фи рад аъла Абдул Уаһһаб» деген кітаптар жазып онда Абдул Уаһһабтың адасқан тұстарын анық көрсетеді.

Бірде бір танымал ғалым кісі Абдул Уаһһабқа келіп:

– «Егер сен сенімді деп таныған бір кісі саған келіп «пәлен таудың түбінде мың әскер келіп сенің басыңды алмақшы» десе, сен оның айтқанына сенесің бе? дейді. Абдул Уаһһаб оған сөзсіз сенетінін айтады.

Ғалым кісі: «Егер сен сол мың әскердің бар-жоғын анықтау үшін сол таудың түбіне мың әскер жіберіп, олар саған келіп бірауыздан онда ешқандай әскердің жоқтығын айтса, кімге сенесің?» дейді. Абдул Уаһһаб бұл жолы көпшіліктің айтқанына сенетінін айтады.

Сонда ғалым: Бүгінгі барлық ислам ғұламалары және бұған дейін де өмірден өткен ғұламалар бірауыздан дұрыс деп ұстанған ислам жолын даттап сен бір өзің келіп оларға қарсы шығудан қорықпайсың ба? Бұл жерде көпшіліктің ұстанған діні дұрыс па әлде жалғыз сенің жолың дұрыс па? дегенде Абдул Уаһһаб үнсіз қалады.

Абдул Уаһһаб өзін ислам дінін жаңартушы ретінде екінші тұлға санайтын. Себебі, ол: «12 ғасырда мұсылмандар ширк амалдарын жасауда қатты адас­ты. Сол уақытта олардың көзін ашу үшін таухидтің негізін білген ибн Таймия келді» деген.

Ол уақытта уаһабшылардың саны 100 мыңға да жетпейтін еді. Соған қарамастан олар миллиондаған мұсылмандарды кәпір деп айыптайтын. Хижаз бен Нажд халқы Абдул Уаһһабтың қаһарынан қорқып, өздерінің көзқарастарын ашық түрде айтудан бас тартатын. Себебі, уаһабшылар өздеріне қарсы келгендерге қашанда күш қолдануға бейім тұратын.

Сол уақытта арабтардың арасында танымал болған Амир Санаъни есімді ақын-жазушы бұған дейінгі Нажд жерін мақтап жазған өзінің өлең жолдарын өшіріп уаһабшыларды сипаттап мынадай жаңа өлең жазады:

Кезінде Нажд жерін мақтап үндеген едім

Бүгінде сол мақтаудан теріс қайтты менің елім

Кеудемде жанған үмітіме су сепкендей

Өшті, міне, бүгінде кері келмей

Жолынан таймай бекем болған

Нажд халқы

Бүгінде жаңылып бірі кәпір

бірі мүшрик кебін киді

Осылайша Абдул Уаһһабтың келуімен бүкіл Нажд жері жаман атқа қалды. Бүгінде олардың шырмауықтай таралған дерті Хижаз елін баурап арысы Шам өлкесі берісі Ирак жеріне тарап үлгерді.

Осман империясы уақытындағы Мекке қаласының мүфтиі Шейх Ахмед Зейни Дахланидің «Футухат әл-Исламия» кітабынан алынған.

Тәржімалаған

Жалғас АСХАТҰЛЫ  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста