Дәрігер қандай болуы керек? Бұл туралы Ислам не дейді?

Дәрігер қандай болуы керек? Бұл туралы Ислам не дейді?

Медицина дамыған сайын бұрын аты белгісіз болып келген аурулардың саны да көбеюде. Сонымен бірге дәрігерлерге артылатын салмақ та артуда. Ақ халатты абзал жандардың “Исламдағы орны қандай?”, “Дәрігер әдептері қандай болуы керек?” “Ер дәрігер әйел адамды емдей ала ма?” деген сұрақтарға кезекті мақаламызда жауап іздеп көрелік.

Дәрігер - өте құрметті мамандықтардың бірі. Жақсы дәрігер адамдарға көмектессем деген ізгі ниеті арқылы Алланың разылығына бөлене алады, сонымен қатар адамдардың да шексіз алғысын алады. Сау денеде сау рух болады. Қазақ “Дені саудың – жаны сау” деп тегін айтпаса керек.

Ал медицинаны меңгеру мұсылман қауымға парыз-кифая саналады. Әр елді мекеннің өз дәрігері, ауруханасы болуы керек немесе соған жағдай жасалуы қажет. Медицинаны үйрену Алланы еске алу, зікір ету, садақа ету секілді ізгі істердің бірі саналады.

Белгілі ғалымдар мен мұсылман дәрігерлердің еңбектерінде дәрігердің әдептері жан-жақты көрсетілген. Өкінішке қарай, қазіргі заманда қоғамымыз Құдайдан қорқатын, дін негіздері мен әдептерін білетін дәрігерге зәру. Дәрігер ең алдымен медицинаның сауда еместігін, оның Құдайға құлшылық екенін білуі тиіс. Дәрігерліктің оған Алла тарапынан берілген сый екенін сезінуі қажет.

Науқасқа көмек қолын созу– барлық мұсылманның міндеті болғанымен, дәрігерге бірнеше есе жауапкершілік жүктеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады», - деген болатын. Дәрігер адамдарды емдеу арқылы, өзінің ақыретінің қамын жасайды. Адам дәрігерге жанына батқан ауруымен, көңілі түсіп, жаны жылап келеді. Сондайда дәрігер емін жасап, дәрісін беріп, науқастың ауруын жеңілдетеді, ертеңіне үміт сыйлайды. Адамдарға көмек қолын созып, өз міндеттерін шын ниеттерімен орындаған дәрігерлердің есімін халық ұмытпайды, жақсылықпен еске алады, артынан дұға етеді.

 

Дәрігердің әдептері:

1. Дәрігер Аллаға сеніп, Одан үміт ету керек. Себебі ауруды жіберетін де Алла, оның емін беретін де – Алла. Науқастарды емдеуге болатынын адамдарға алғаш пайғамбарлар үйреткен. Өйткені оларға Алла тағала білдірген еді. Міне, содан бері адамзат емдеудің түрлі әдістерін өз беттерімен дамытып, тәжірибе жинап, медицинада түрлі жаңалықтар ашты. Осының өзі медицинаның Құдайдан келген ғылым екенін, мұнымен айналысу тек сауапқа жетелейтінін көрсетеді. Сахих хадистердің бірінде “Ауру бар болса, сол аурудың емі де бар” делінеді. Әр дәрігер өзінің алдына келген науқасты ол жазып берген дәрі емес, сол дәрінің әсерімен Алла тағала емдейтінін ұмытпау керек.

 

2. Дәрігер адалдығы мен ибалығын, ұятын сақтауы керек. Бұл - әр дәрігердің міндеті. Яғни, дәрігер науқасты қарағанда шектен шықпауы тиіс. Тіпті аса қажетті жағдай болмаса, ер дәрігердің өзіне ер адамның ұятты жерлеріне қарауға тиым салынады. Егер әйел дәрігер бар болса, ер дәрігердің нәзік жандыны қарамағаны дұрыс. Тек мүлде болмаған жағдайда ғана ер дәрігер әйелді, әйел дәрігер ер адамды қарай алады. Имам Бұхаридың хадистер кітабында бұл тақырыпқа арналған арнайы бір бөлім бар. Ислам тарихындағы Бәдір мен Ұхуд шайқасында басқа көмек беретін адамдар болмағаннан кейін кей әйелдер жаралыларды емдеп, су тасып, алғашқы көмек көрсеткен. Егер әйел адам дәрігерге баратын болса, жанында жақын адамы (махрам) болғаны дұрыс. Ислам дәрігер болса да ер мен әйел адамның жабық жерде оңаша қалуын құптамайды. Мұны әр дәрігер білуі керек.

Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Ұят игіліктен басқа ешнәрсе алып келмейді», - деп, ұялшақ адамның әрекетін құптаған. Сондықтан, дәрігер ұялшақ, өзге адамның ар-ұятына аманатпен қарайтын жауапкершілігі жоғары адам болғаны дұрыс. Сонымен қатар, дінді білетін дәрігер әйел адамның ауруларын емдеуге ұмтылмауы тиіс. Тіпті бүгінгі күні, өз ісін жетік білетін әйел дәрігерлердің көптігі себепті, ер адамдарға әйел ауруларын емдеу харам саналады.

 

3. Дәрігер асқан мейірімнің әрі көркем мінез-құлықтың иесі болуы керек. Көркем мінез-құлық – кез келген адамның көркі. Ал бұл қасиет дәрігерге тән болса, тіпті керемет. Дәрігер науқасқа мейірімділік, жұмсақтық танытып, жылы сөздермен жұбатып, жағдайын сұрап тұруы керек. Ауру адамға тәкаппарлықпен қарап, емделушілерін бай-кедей деп бөлуіне ешқашан болмайды. Бүгінде қалтасында қаржысы болмаған науқасты кабинеттен кабинетке жүгіртіп, ал бай емделуші үшін түннің бір уағын консилиум жасап жататын дәрігерлер аз емес. Құдайдан шын қорқатын дәрігер мұндай қадамға бармауы тиіс. Ол үшін Құдайдың құлдарының бірдей болуы керек, әрі ол барлығына бірдей қарым-қатынас жасауы міндетті.

 

4. Дәрігер құпияны сақтау керек. Адам дәрігерге барар жер, басар тауы қалмағанда, тығырықтан жол іздеп барады. Бір адамның ауруы күнәлі істер істегеннен туындауы мүмкін. Сондай жағдайда дәрігерге науқастың күнәларын өзгеге жаюына болмайды. Бұлай жасау – арсыздың ісі. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннеті бізді, адамдардың артқан сенімін ақтауға, құпияларды сақтауға, аманатқа қиянат жасамауға, көмек сұрап келгенге қол ұшын созуға шақырады.

 

5.Халал мен харамды, тиым салынған дүниелерді білу – дәрігердің парызы. Ол өз науқасына рұқсат етілген дәрілерді ғана жазып беруі керек. Құрамында харам дүниелер бар дәрілерге адамдарды жолатпағаны жөн. Абдуллаһ ибн Масғуд жеткізген хадисте: Алла Елшісі (с.а.у.): «Алла Тағала сендерге өзі тыйған нәрселерден ем жаратпаған», – деген. Ал Насаи жинағында Алла Елшісі: «Шараппен емделген кісіге Алла шипа бермейді», – делінген..

 

6. Мамандығы арқылы байлық жинауға емес, Алланың разылығын алуға ұмтылу. Дәрігердің жұмысы ғибадат болғандықтан, шын жүректен жасалған ниет керек. Алла тағаланың әр адамға белгілеген ризығы бар. Адам ол ризықтан қанша қашса да, бәрібір ол оны соңынан қуып жетеді. Сондықтан дәрігер адам ризығы үшін уайымдамаса да болады. Одан да жұмысын қалай абыроймен атқаруды ойлағаны жөн.

 

7. Келесі әдеп – оқу, білімін жетілдіріп отыру. Технология да, медицина да күннен күнге дамып жатқандықтан дәрігер үнемі ізденіп, жаңа дүниелерді меңгеріп отыруы керек. Бүкіл әлем бір дәріні зиян деп жатқанда, оның ештеңе білмей, ештеңеден хабардар болмай отырғаны дұрыс емес. Білмегені, немқұрайлығы себепті науқасқа зиян тигізіп алудан Құдай сақтасын. Ауруға қаншалықты зиян тигізсе, оның Алланың алдындағы жауапкершілігі де соншалықты артады. Егер дәрігердің білімсіздігінен науқас көз жұматын болса, Алланың алдында адам өлтіруші деп жазылады. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде бір кісі жарақат алып, жарақатынан қан ағып жатады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) дәрігерлерді шақырып, араларында кімнің білгір екенін сұрайды. Сонда бірі: «Медицинада да жақсылық бар ма», – дейді. Алла Елшісі (с.а.у.) оған: «Алла тағала сырқат жіберсе,оның емін де қоса жібереді», – деп жауап қайтарады. Сол кезде тұрғандардың бірі: «Алла елшісі, мен жақсырақ білемін», - дейді де, сахабаны емдеуге кіріседі. Кейін жаңағы сахаба жазылып кетеді. Міне, осы хадис арқылы дәрігерлердің өз ісінің білгірі болуы тиіс екенін байқаймыз.

 

8. Тек өз ісімен айналысу. Егер сен дәрігер болсаң, тек медицинамен айналыс, ғылымдағы танымыңды арттыр. Қасиетті Құранда “Алла тағала адамның кеудесіне екі жүрек жасаған емес” дейді. Сондықтан медицина білгірі бола тұрып, келесі бір мамандықтың да шебері бола алмайсың. Бизнесте жетістікке жеткен дәрігерлер бар. Олар ем-дом жүргізіп жатқанда, өзге кәсібі кедергі келтіріп, науқас зардап шегуі мүмкін. Немесе дін ғалымдарымен айтысып, дін шеңберінде білгенін алға тарта беретін де дәрігерлер кездесіп қалады. Олар үшін ең жақсы, қайырлы нәрсе – өз ісімен айналысу.

Ислам тек мешітте, жайнамаз үстінде қалмауы тиіс. Ислам біздің әр ісімізден көрініс табуы керек. Немен айналыссақ та, Ислам бағыт-бағдарымыз болсын!  

islam.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста