Дін мен дәстүр: Ата-анасы тірі бола тұрып оларға лайықты қызмет көрсете алмау үлкен қасірет болып есептеледі

Дін мен дәстүр: Ата-анасы тірі бола тұрып оларға лайықты қызмет көрсете алмау үлкен қасірет болып есептеледі

Барша адамзат баласы үшін ата-ананың орны ерекше. Әрбір жан өзінің өмірге келуіне себепші болған қымбат жандарды барынша құрметтеп, қадірлейді. Қазақ халқында да ата-ананың мәртебесі айрықша. «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», «Жұмақ ананың аяғының астында», «Ананың сүтін ақтамаған адам Аллаға жақпайды», «Анаңды Меккеге арқалап апарсаң да перзенттік борышыңнан құтылмайсың» деген сияқты мақал-мәтелдер халық арасында кең тараған. Ислам діні ата-ананы құрметтеуді Құдайдың хағымен қатар қояды. Осы тұрғыда қазақ халқында қалыптасқан ұғымдардың түп-төркіні де келесі аят-хадистерде жатыр десек еш қателеспейміз.
Алла Тағала былай бұйырады: «Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік жасауларыңа бұйырды. Егер олардың біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне «түһ» деп те айтпа, оларға дауыс та көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле. Оларға мейірімділік пен кішіпейілділіктің қанатын жайып: «Раббым! Кішкентайымда мені тәрбиелегені секілді оларға Сен де рахым ет» деп айт».
Қасиетті аятта Құдай Тағала ата-анаға «түһ» деп айтудың өзіне тыйым салып тұр. Кішкене кейістіктің өзі ата-ананы жәбірлеудің ең жеңіл түрі саналады.
Абдулла ибн Амрден (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында».
Ата-ананың алдындағы перзенттік борыш өтелуі мүмкін емес міндеттердің бірі.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Бала әкесінің ақысын әкесі құл болып, оны құлдықтан босатқанда ғана өтей алады».
Абдулла ибн Омар (р.а.) анасын мойнына салып алып Қағбаны тауап етіп жүрген бір кісіні көреді. Ол кісі бұған: «Уа, Омардың ұлы! Не айтасың? Мен осы қызметіммен анамның алдындағы борышымды өтедім бе?» – деп сұрайды. Сонда Абдулла ибн Омар (р.а.): «Жоқ. Сені босанарда қысқан толғағының біреуін де өтемедің. Алайда үлкен ізгілік жасадың. Алла қаласа, аз ісіңе көп сауап жазылар», – деп жауап берді.
Абдулла ибн Амр (р.а.) басқа бір риуаятта былай деген: «Бір кісі Алланың Пайғамбарына (с.а.с.) келіп: «Саған һижра мен жиһад жасауға серт беремін. Алладан мол сауап қалаймын», – дейді. Сонда Алланың Елшісі (с.а.с.): «Ата-анаңның біреуі тірі ме?» – деп сұрайды. Кісі: «Иә, екеуі де», – дейді. Алланың Елшісі (с.а.с.): «Алладан мол сауап қалайсың ба?» – деп сұрайды. Кісі: «Иә», – деп жауап береді. Сонда Алланың Елшісі (с.а.с.): «Олай болса, ата-анаңа бар да, ол екеуімен жақсы қарым-қатынаста бол», – деп бұйырады».
Ата-анасы тірі бола тұрып оларға лайықты қызмет көрсете алмау үлкен қасірет болып есептеледі. Оған төмендегі хадис дәлел.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта бірде Пайғамбар (с.а.с.): «Қор болды! Қор болды! Қор болды!» – дейді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Ол кім?» – деп сұрайды. Сонда ол (с.а.с.): «Ол жасы ұлғайған ата-анасы болып, сосын жәннатқа кіре алмаған немесе ол екеуі оны жәннатқа кіргізе алмаған адам», – деп жауап береді. Демек, ата-анаға дер кезінде қызмет ете алмай, сондай мүмкіндікті пайдалана алмау, сондай ізгі істі істеп, соның сауабымен жәннатқа жете алмау орны толмас қасірет екен.
Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.) үлкен күнәлар туралы: «Олар – Аллаға серік қосу және ата-ананы құрметтемеу», – деген.
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Жұмақ – аналардың аяқтарының астында», – деген.
Муғауия ибн Жаһима ас-Саламидің әкесі Жаһима (р.а.) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Ғазауатқа қатысуды қалап, сізбен кеңесуге келдім», − дейді. «Анаң бар ма?» − деп сұрайды Пайғамбар (с.а.с.). Жаһима: «Иә», − дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Анаңның қасында бол. Расында, жұмақ соның аяғының астында», − дейді.

«Дін мен дәстүр»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 28.01.2015, 27.01.2015, 26.01.2015, 23.01.2015, 22.01.2015, 21.01.2015, 20.01.2015, 19.01.2015, 18.01.2015, 17.01.2015, 16.01.2015, 15.01.2015, 14.01.2015, 13.01.2015, 12.01.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста