Діни төзімділік - қазақтың қанында бар қасиет

Діни төзімділік - қазақтың қанында бар қасиет

18 қазан - рухани келісім күні. Қазақстанда 17 конфессия өкілдерінен құралған 3 мыңнан астам діни бірлестік тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын ескерсек, бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы аз емес.
Бүгінде елімізде ислам діні - 72%, православие - 9%, католиктік - 3%, протестанттық - 14%, қалған діни конфессиялар 2%-ды құрайды. Осы орайда Қазақстанның бүкіл әлем үшін конфессияаралық келісімнің үлгісі бола алатынын айта кеткен жөн. Республикамызда ислам және православие діндері ең ірі конфессиялар болған және болып қала береді.

Рухани келісім күніне орай ғалымдардың сөзіне жүгінгенді жөн көрдік.

Мекемтас Мырзахметұлы, ф.ғ.д., профессор:

«Бұл мереке біздің қазақ халқы үшін атаулы күн. Себебі ата - бабаларымыз әр уақытта да өз өмірінде ар мен ұятты жоғары бағалаған. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде түрлі ұлттар мен ұлыстардың және әртүрлі мәдениеттің өкілдері татулықта тұрып жатыр. Олардың өздерін еркін сезініп, бейбір өмір сүруі қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділік пен қонақжайлылықтың арқасы. Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиет ата-бабаларымыздың қанынан дарыған. Исламға дейінгі түркілердің далалық заңдарында бір адам қылмыс немесе қандай да бір қателік жасайтын болса, ол бүкіл рудың намысы болып саналатын. Сонымен қоса бір адам қиыншылыққа тап болса, оған бүкіл ел болып жұмыла көмек беретін. Міне, осы ізгі қасиеттер қазақ халқы Ислам дінін қабылдаған соң да жоғалмай, керісінше дамып, қуттана түсті».

Таңжарық Тұрғанқұлов, дінтанушы-ғалым:

«Діни төзімділік - ұлт психологиясымен үндес ұғым. Рухани татулық, дінаралық диалог біздің дархан елімізде, кең-байтақ жерімізде сан ғасырлар бойы көрініс тауып келе жатқан құбылыс. Оған сан салалы тарихтың қатпарлы оқиғалары куә. Біздің жерімізде бірнеше діндер мен мәдениеттердің қатар өмір сүругенін күні бүгінге дейін сақталып келген түрлі археологиялық жәдігерлерден де көруге болады. Түрлі қазба жұмыстары нәтижесінде табылған несториан шіркеулерінің, буддалық храмдардың, түрлі құрбандық шалатын рәсімдер орындалатын орындардың қалдықтары - елімізде о бастан көп діндер мен мәдениеттердің болғанын айғақтайды. Қазақ халқының рухани төзімділік, басқа діндер мен мәдениеттердің өкілдеріне деген сыйластық көзқарас қанымен, генетикалық жолымен берілген қасиет десем, артық айтпағандақ болар еді.

Таяуда мен мынадай қызықты оқиғаның куәсі болдым. Дін маманы ретінде зерттеу жұмыстарымен Жамбыл облысы Талас ауданына барғанымда, кеңес заманында (1962-63 жылдары) осында қоныс тепкен, өздерін «Православие христиан Сионистері» деп атайтын шағын діни ілімнің өкілдерін кездестірдім. Сонда бір таң қалғаным - олар ертеректе діни сенімдеріне байланысты Украина жерінде қуғын көріп, елден қуылған екен. Сосын қазақ жеріне келген оларды сол кездегі ел азаматтары мен жергілікті тұрғындар өз панасына алып, қорғап қалған. Дін өкілдері қазақ халқына деген ризашылықтарын жасырмады. Тіпті әр ұлттан жинақталған әлгі діни сенім өкілдеріне жергілікті халық өзінің бір атасы (бес аталы ру екен, соның алтыншы атасы) ретінде қарап, тойларында тойбастарын берсе, өлім-жітім, жаназасында атаған мүшесінен де құр қалдырмайды екен. Міне, қазақ халқының рухани татулықты әуел бастан қолдайтынын, қандай жағдай болса да, басқа дін өкілі деп бөлмей, қоян-қолтық араласып, өмір сүретінін осындай өмірлік мысалдарда-ақ көруге көруге болады. Себебі халқымыздың дәстүрлі дүниетанымы Құрандағы: «Бір адамды өлтірген, бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең. Ал, бір адамды құтқарған, бүкіл адамзатты құтқармен тең...» деген аятын, Ясауи бабамыздың: «Сүннет емес, кәпірде болса берме азар», - деген қағидасын терең сіңірген.

 

Жанат Қапалбаева

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста