ДОРБА САТЫП, САУДА ЖАСАҒАН 9 ЖАСАР ҚЫЗ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Тоғыз жасар Зималь есімді пәкістандық мұсылман қызына Эр-Рияд қаласында өткен кәсіпкерлер жиналысында ханзада Абдул Азиз өз қолымен жүлде табыстады. PioneerAward номинациясы бойынша Зималь жылдың ең жас кәсіпкері ретінде аталмыш жүлдеге қол жеткізіп отыр. Бұдан бөлек, қаршадай қыз Білім министрінің алтын медалімен де марапатталды.+
Бұл жетістіктердің барлығына Зимальдың үш жылдан бері қағаз дорбалар жасап, саудамен айналыса бастағаны себеп болған. Еңбекқор қыз әр дорбаны 70 рупийге сатып, түскен қаржыны жергілікті жетімдер үйіне жұмсап келген. Ол өзінің кішігірім кәсібін одан әрі дамытып, алдағы уақытта ірі көлемде қайырымдылық шараларын жасай алатын кәсіпкер болуды мақсат ететінін айтады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу