Досай Кенжетай: "Шахидтік дегенді мәнін түсінбесек те "модаға" айналдырдық"

Досай Кенжетай: "Шахидтік дегенді мәнін түсінбесек те "модаға" айналдырдық"

Белгілі ғалым, профессор Досай Кенжетай өзінің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы жастарға үндеу тастады. Бүгінгі қоғамда жастардың адасу себептерін сауатсыздықпен байланыстыратын дінтанушының толғамды пікірін жадыңызға түйе жүргейсіз...
Ей, қазақ жастары!! Мына жаһанданған әлемнің басты құралы - ақпарат екендігін білдік. Бірақ сол ақпаратты кімдер, қалай пайдаланып жатқандығын білгенмен, сезінбей жатырмыз.. Әлі сафпыз, аңғалмыз, аңқаумыз...ойсыз-ақ, көкіректегі көзге емес, маңдайдағы көзге салып, көргенімізді істегіміз келеді... Бұл балалық психология. Бұл баланың ісі. "Көдек көргенін істейді" дейді қазақ. "Көдек" дегені - бала дегені..."Қашан кетер біздің елден балалық" деп зарлаумен келеміз... Аз қазақты әр саққа салып, сопы, уахаби, қара, сары қазақ деп бөліп тастады.. Бас басына муфти болып, қиқымдалып болдық... Өзіңді емес, өзгені тыңдайтын болдық,.. Пәтуаны сырттан алып, өз еліміздегілерді менсінбей, көзге ілмейтін болдық... Жамағат та көп, жақ-жақ болып айтыса беретін болдық... Көз алдымызда бауырымыз Сирияға асып кетіп жатса, жасырып, "Алланың қалауын орындауға бара жатыр" деп өзеурейтін болдық... "Ол жер - соғысқа дайындайтын жақсы практикалық орталық" дегенді айта бастадық... Шахидтік дегенді мәнін түсінбесек те "модаға" айналдырдық... Сонда кіммен, қалай соғыспақпыз? Қай соғысқа дайындалып жатырмыз? Кеше жап-жас қазақ баласын қолына қару алдырып, үкім орындатты... ФСБ тыңшылары деп қазақты қазаққа қырқыстырып қойды. Саған шаблон дайындап жатыр... "Қазақтың жауы - қазақ" деген. Ол ертең ұлғая береді... Сопы қазақ сәлаф қазақтың жауы, сары қазақ қара қазақтың жауы болып, тереңдей береді...
Сол ма саған керегі? Даму деген осы ма? Даму деген тек қайшылықтан туа ма? Естеріңде болсын, қазақ қай кезде бауырымен қайшылыққа түсті, сол кезде сыртқа жем болды. Қай кезде өзді өзін менсінбеді, сол кезде басқаға құрал болды. Сыртқа күшті арқа сүйеп, өз бауырын езуге ниеттенген хан-қаралар да солай тарих болып қалды. Тарихыңа орал, өзіңді өзің зертте! Мына қасиетті топырақты, мына боздақ елді сырттан ешкім келіп саган ОТАН қылып берген емес. Оны саған ата-бабаң аманат қылып, жан пидалықпен, қанымен суарып кетті. Сен өз жеріңді аршып көр, әлі сол қанның иісі мүңкіп тұр. Сен Сирияға қанның иісін сағынып барсаң, соғыс сағынып барсаң, қателесесің!!! Саған дейін осы топырақта ата-бабаң қанша қан төккенін, не үшін қансырағанын білмейсің деген сөз...
Мына егемендігімізді жанымыздан артық қорғап, қазақтың өсуіне, өркендеуіне, ғылымына, өнеріне, тыныштығына, тұрақтылығына, бауырластығына арнамаған қаның ешқашан шахит қаны саналмайды!!!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста