Дубайда «ақылды мешіттер» пайда болады

Дубайда «ақылды мешіттер» пайда болады

Жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ақпараттық технологияға (GITEX) арналып өтетін көрмеде, бизнес шығындарын азайтып әрі өнімділікті арттыруға бағытталған электрондық басқару және автоматтандыру жүйесін шығаратын Honeywell компаниясы өзінің бірінші «ақылды мешіттер» жобасының нәтижесін ұсынды.

Айтылып отырған жүйе мешіттің орналасқан жері мен ағымдағы дата деректерін пайдалана отырып, намаз уақытының келгенін есептеп шығарып және адамдар намазға келгенге дейін оның ішіндегі температураны төмендетіп, осылайша мешіт ішіндегі климатты басқару шешімі болып саналады.
Бұл жүйе Шаржадағы әл-Тәуба мешітінде алты ай бойы, 2015 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың қаңтарына дейін сынақтан өткізілген. Нәтижесі көрсеткендей, электр қуатын қолдану 37%-ға төмендеген.
«Біз өзіміздің мешіт туралы жаңа саналы шешімімізбен мақтан тұтамыз», – дейді Таяу Шығыстағы компания өкілі Питер Коста.
«Мешіттер – бұл орасан зор ашық кеңістік, әсіресе, намаз уақытында адамдарға лық толған кезде, оны салқындату үшін көп энергия жұмсалады. Әдетте салқындатқыштар күні бойы төменгі температурада жұмыс істеп тұрады, ал біздің жүйеміз болса мешіттің координаталары мен ағымдағы датаны пайдалана отырып, намаз уақытын есептеп шығарып, адамдар намазға келмей тұрып-ақ, автоматты түрде мешітті салқындатады. Ал намаз бітіп, бәрі тарқағанда, салқындату жүйесі сөндіріліп, энергияны үнемдейді. Сондай-ақ, бұл жүйе мешіттің қажеттілігін өзі анықтап біледі, мысалы, мешітті салқындатуға керекті уақытты», - дейді мамандар.

Muftyat.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста