Дұға жасау келгелі тұрған түрлі қиындықтың (пәленің) алдын алады

Дұға жасау келгелі тұрған түрлі қиындықтың (пәленің) алдын алады

Әбул Ғариб әл-Исфахани деген машайық болған екен. Ол Тарсұс қаласын өте жақсы көрсе керек. Шираз шаһарында жүрген кезде қатты ауырып, төсек тартып жатып қалады. Әл үстінде жатқан ол басына жиналып отырғандарға қарата:

- Өліп кетер болсам, мені осы кәпірлердің мазаратына көміңдер. Алланың разылығы үшін сұраймын. Менің басқа ешқандай тілегім жоқ,- дегенде, қасындағылар аң-таң қалып:

- Уа, хазрет! Бұл сөзіңізді қалай түсінуге болады? - деп сұрайды. Сонда ол:

- Мен Алла Тағалаға ұдайы: «Уа, Жаратқан! Саған аз да болса қадірім болса, мені Тарсұста жанымды ала гөр!» деп жалбарынудамын. Бірақ, осы жерде көз жұматыныма қарағанда, Алла Тағаланың алдында ешқандай қадір-қасиетімнің жоқ екенін түсіндім. Сондықтан да менің тілегімді орындасаңыздар екен, - дейді.

Таң қаларлығы сол, әл-Исфахани көз жұмбастан біраз бұрын шамалы жазылып, өзінің сүйікті қаласы Тарсұсқа кетеді. Көп ұзамай сол қалада қайтыс болады. Оның қабірі қазір осы Тарсұста екен.

Мұндай оқиғаны алыстан іздемей-ақ өз өміріңізге де зер салсаңыз, талай қиналған кезде Жаратқанның жар болып, көмектескенін байқаймыз. Алайда, пенделікпен оның барлығын ұмытып кете баратымыз да шындық. Иә, Алла Тағаланың құдіретінде шек жоқ. Оған шын көңілмен сену қажет. Дұға - иманымыздың айнасы. Сеніміміздің беріктігіне қарай, дұғаға деген құлшынысымыз да көбірек болуы қажет.

«Дұға жасасам да, жасамасам да тағдырда не жазылса соны көремін» деп дұғаға немқұрайлы қарамау керек. Өйткені, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Дұға басымызға түскен және келейін деп тұрған қиындықтан шығуға пайда береді» деген. Яғни дұға арқылы басымызға түскен ауыр жағдайдан құтылуға тырысамыз. Өйткені, дұғадан асқан қару жоқ. Сонымен қатар дұға келгелі тұрған түрлі қиындықтың (пәленің) алдын алады.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста