ЕГЕР БІРЕУДІҢ ЖАСЫРЫН КҮНӘСІН ӘШКЕРЕ ЕТСЕҢ ...

ЕГЕР БІРЕУДІҢ ЖАСЫРЫН КҮНӘСІН ӘШКЕРЕ ЕТСЕҢ ...

Сахабалардан Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) бір күні Қағбаға қарап тұрып:

 

«Уа, Қағба, сен неткен зорсың! Саған деген құрмет те зор. Алайда Алла есебінде мүминнің абыройы сенен әлдеқайда биік» деп, Хақ тағала сүйіп жаратқан әрбір мұсылманның беделіне нұқсан келтірмеу, адамдық биігін аласартпау қажеттігін білдірген екен (Тирмизи, Бирр, 85).

 

 «Әйтеуір кінә тауып бір жеріңнен, сынауға тіптен құмар кім көрінген» деп Мұқағали ағамыздың кейігеніндей, адам бойынан осалдық емес жайсаңдық, жамандық емес жақсылық көре білу - нағыз адамдыққа тән қасиет. Алайда, неге екені адамдар бірден кемшілік іздеуге әуес-ақ.

 

Бірде ғұлама кісі шәкірттерінің алдына ақ қағаз жайып, ортасына кішкене ғана нүкте белгілепті. Сөйтіпті де:

 

 «Сендер бұдан не көріп тұрсыңдар?», - деп сұрапты.

 

Шәкірттері:

 

 «Кішкене нүкте көріп тұрмыз», - дегенде,

 

 «Ойпырым-ай, алдарыңа жайған көлдей қағаздың ақ жағын емес, ортасындағы кішкене ғана дақты сөз еткендеріңе жол болсын. Бұл сірә, басқаның бірден жаман жағын көргіш адам мінезін байқатса керек. Бұдан былай өмірдің жақсы жағы мен адамның жағымды қасиеттерін де көре білуге дағдыланыңдар», - деп өмірлік мәні зор сабақ ұқтырған екен.  

 

Ақыл-ойы толысқан, парасатты адамдар елден кемшілік іздеудің орына өз мінін түзетуге көбірек күш салған. «Өз мінін білген адам - әулие» деген халық даналығы осыдан туса керек.

 

Біреудің айыбын жұртқа айту - әлгі адамның беделін түсіруге бағытталатын, әрі сол туралы естіген жұрттың жаман ойлауына жол ашатын нашар әдет. «Егер біреудің жасырын күнәсін әшкере етсең, оны ашық істеуге итермелеген боласың» (Әбу Дәуіт, Әдаб, 37.) деп хадисте ескертілгендей, айыбы әшкере болған жан бұрынғыдай қымсынуын, әлгі қылығын жұрт көзінен жасыруын, іштей ұялуын доғара бастайды. Ал дінімізде басқаның жамандығын сөз ету былай тұрсын, басқа бір мұсылман жайлы жаман ойға барудың өзіне де тыйым салынған (суи зан). Өйткені, бұл ешқашан адамдардың арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықты, бауырмашылдықты арттырмайды, қайта олардың арасына іріткі салып, бір-бірінен суытады. Бұның аяғы көп жағдайда жауластыққа, дау-жанжалға, бір-бірінің кем-кетігін қазбалауға, көрген жерде алакөзденіп, сырт айналуға, қапысын тауып кек алу секілді дұшпандық әрекеттерге ұласуы бек мүмкін. Дініміз бұны иманның әлсіздігіне балап, одан мейлінше сақтандырған. Басқаның айыбын айтушы бұдан тыйылмаса, өз айыбын да Алла Тағаланың масқара түрде әшкерелейтіндігі ескертілген:

 

 «Уа, тілдерімен иман айтып, алайда ол имандары жүректеріне әлі толық орныға қоймаған пенделер! Мұсылмандарды қорламаңдар, оларды сөкпеңдер, кемшіліктерін іздемеңдер. Кімде-кім бір мұсылман бауырының кемшілігін іздесе, Алла да ол адамның кемшілігін іздейді. Ал егер Алла  біреудің кемшілігін іздесе, үйінің ішінде отырса да оның масқарасын шығарады» (Әбу Дәуіт, Әдаб, 40).

 

Алла Тағала: «Менің бір есімім - Саттар, яғни пенделерімнің күнәларын жасырып тұрамын. Ешбір құлымның күнәсін әшкерелегенді қаламаймын.»

 

 Байқасаңыз, Алла Тағаланың өзі де құлдарының ешбір күнәсін әшкерелегісі келмейді. Қайта Ұлы Саттар ретінде олардың күнәларын жауып тұрады. Демек, бұл күнә атаулыдан пәк Ұлы Жаратушымыздан жұғатын сипат болғаны.

 

 «Білімді адам әр нәрсенің байыбын айтады, білімсіз адам басқаның айыбын айтады» демекші, өзгенің айыбын жасыра білу - барша пайғамбарлардың да бойындағы көркем қасиеттердің бірі. Ешбір пайғамбар өз үмбетінің қателіктерін жіпке тізу арқылы оларды имандылыққа тәрбиелемеген.

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста