ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ

ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ҮКІМІ

Электронды темекі – ішінде химиялық қоспасы мен сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин және улы заттарды жеткізетін темекінің жаңа түрі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мuftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Темекі шегуге қатысты ғалымдар арасында бірнеше көзқарас бар. Бірқатар ғалымдар темекінің денсаулыққа зиян әрі ысырап екенін алға тартып, темекі шегуді харам деген.

 

Алла Тағала Құранда:

 

«Өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға кетірмеңдер...», – дейді.   

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

«Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды», – деп ескерткен.

 

Имам Тахтауи ән-Нәжму әл-Ғазидің мына сөзін келтіреді: «Темекі Дамаск қаласында XV ғасырда пайда бола бастады. Ол мас қылмаса да адамның әлін кетіретіндігі үшін харам болады. Умму Саламадан жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір мас етуші және әлді кетіруші нәрсеге тыйым салды», – делінген.

 

Ханафи мәзһабының ғалымы шейх Мухаммад әл-Айни: «Төрт нәрсеге байланысты темекі тарту харам болады. Олар:

 

Денсаулыққа зияндығы;

 

Есірткінің бір түрі әрі адамның әлін кетіретін нәрсе болғандығы;

 

Жағымсыз иісінен темекі шекпейтін адамға зияны тиюі;

 

Ысырапшылдық.

 

Ханафи мәзһабының кейбір ғалымдары темекі тартуды мәкруһ тахрими деп санайды. Әл-Мәусуғату әл-фиқһия атты кітапта: «Темекі тарту кейбір адамның денсаулығына, ақылына зиян болатыны нақтыланса немесе темекіге жұмсаған қаражатқа өзі және отбасы қатты мұқтаж бола тұра сарп етсе, харам болады. Ал бұдан басқа жағдайда мәкруһ саналады», – делінген. 

 

Дегенмен дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және ислам медицина ғылымдары ұйымы ғылыми тұрғыдан электронды темекінің, калянның және басқа да шылымның түрлері адам баласының денсаулығына  зиян екендігін нақты түрде айтқан. Сондықтан электронды темекіні қолдану харам деп саналады. Себебі электронды темекінің зияны әдеттегі темекіден асып түспесе кем емес.

 

Мысыр, Иордания елінің пәтуа комитеті элетронды темекіге тыйым салған.

 

ҮКІМ:

Электронды темекі адамның денсаулығына зиян болғандықтан және ысырапқа жататындықтан – харам. Оны қолдануға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста