Елімізде жұма намазына ресми рұқсат берілді
ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында бүгін, яғни 3 мамырдан бастап мешіттерде жұма намаз оқылатынын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгіннен бастап еліміз бойынша жұма намазына ресми түрде рұқсат берілді. Аллаға сансыз шүкір, мың тәубе...
Қасиетті Рамазан басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесіп, мұсылман үмбетінің өтініш-тілегін тағы жеткізген болатын. Міне – нәтиже. Шүкір. Ұзағынан сүйіндірсін. Әмин!», деп жазды баспасөз хатшысы.
Еске сала кетейік, 30 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы және тағы басқа өңірлердің мешіттерінде намаз сыртта оқылған еді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу