Елордада көне түркі тіліндегі Құран кітабы таныстырылды

Елордада көне түркі тіліндегі Құран кітабы таныстырылды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатқан «Шығыстың шоқжұлдыздары» атты халықаралық конференцияда көне түркі тіліндегі Құран кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президентіміз айтқандай, экономикамен қатар мәдени-гуманитарлық бағыттарға да үлкен мән беруіміз шарт. Осы бағытта түркі интеграциясына Халықаралық Түркі академиясы үлкен үлес қосып отыр деп ауыз толтырып айта аламыз. Академия бауырлас түркі халқының мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Түркінің тарихына, тіліне, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты іргелі зерттеулер жүргізе отырып, біртұтас рухани әлемімізді байыту жолында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Солардың бірі Академияның ұйытқы болуымен жарық көріп, бүгін көпшілікке таныстырылып отырған көне түркі тіліндегі Құран кітабы», - деді Сенат спикері. Айтуынша, қасиетті Құранымыз осыдан 1000 жыл бұрын араб тілінен көне түркі тіліне алғаш рет аударылған екен. «Мұның өзі сол кездегі түркі ғылымының жоғары деңгейін көрсетеді. Түркі өркениеті 8-9-ғасырлардың өзінде озық дәрежеге көтерілгені тарихтан белгілі. Қасиетті Құран кітабының сол кездегі факсимиле нұсқасында қайта басылуы дінтанушылар, тарихшылар, жалпы тұтас түркі жұрты үшін маңызды оқиға», - деді Мәулен Әшімбаев.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста