ЭМОЦИЯҒА БЕРІЛМЕУДІҢ 5 ЖОЛЫ

ЭМОЦИЯҒА БЕРІЛМЕУДІҢ 5 ЖОЛЫ

 Алла Тағала адамды сезімтал әрі әсерленгіш етіп жаратқан

Күн сайын өмірдің көптеген жағдайлары мен тосын сыйларына жолығып жатамыз. Бір үйдің әкесі не анасы, басқа үйдің перзенті ретінде, жұмыста қызметкер ретінде көңіл-күйімізді сан құбылтатын эмоцияларға жолығамыз.

Өміріміз түрлі ақпараттарға толы болғандықтан, эмоциялар әлемінде өмір сүрудеміз деуге де болады. Мұң, ашу мен ыза, қорқыныш секілді эмоцияларды шығару үшін бір ауыз сөздің өзі жеткілікті болмақ. Бізді эмоцияларымыз бен сезімдеріміз басқарады, кей кездері тіпті олардың тұтқыны болып та қаламыз. Рух пен нәпсі арасындағы арпалыс, яғни эмоцияға берілмеу мұсылман баласына берілген бір сынақ деп қарау жөн болмақ.

Эмоцияңды қатаң бақылауда ұстамай-ақ жан дүниенің тыныштығын қорғап, айналадағы адамдармен жылы қарым-қатынасты сақтап, орынсыз уайымнан қалай арылуға болады?

 

Эмоцияның билеп бара жатқанын ұғыну

Кез келген мәселені шешу оны ұғып, қабылдаудан басталады. Ішіміздегі астаң-кестең болып жатқан эмоциялар үшін өзегелерді кінәлауға болмайды. Айналадағының бәрі – жұмыс, қарым-қатынас, адамдар секілді сырттан әсер етушілерді алмастыра алмаймыз. Қолымыздан келетіні оларға деген қарым-қатынасты сәл өзгерту. Біздің табиғатымыз сондай, кептелісте тұрғанда ашуланамыз, біреу дауыс көтерсе ызаланамыз, осылайша өз әрекетіміз бен эмоциямызға ие бола алмай өмірдегі оқиғалардың ойыншығына айналамыз. Сондықтан өзімізді жаман ой, жағымсыз әдеттермен қымтамай, эмоцияға берілмеуге тырысып, олардың сізді билеп алуына жол бермеу керек.

 

Эмоция тудырған себепті анықтау

Туындаған мәселені шешудің екінші жолы себебін анықтау. Қызбалыққа салыну, ашуға берілу, ызаланудың бірден бір себебі дүниеге деген махаббаттың шектен тыс артуы, ұйқының жетіспеушілігі, көңілге қонымсыз жағдайлар. Бойыңыздағы жағымсыз эмоцияны оятатын әрекеттен аулақ болыңыз, әлдекіммен сөзге келіп қалудан барынша сақтаныңыз. Дінімізде дауласудан бас тартып, тілін тартқан адамның сауапқа кенелетіні жайлы көп айтылған. Ардақты елші Мұхаммед пайғамбар ﷺ ашуын ішіне жұтып, жасырып қалған адамның ең мықты адам екенін айтқан. Дей тұрғанмен, адамның табиғаты ашуға ашумен жауап беруге бейім, шыдамсыз келеді. Алайда уақыт өте келе бұл әдеттен арылып, ұстамды болуға үйренуге мүмкіндік бар.

 

Өз эмоцияңызды қабылдау

Мұны түсіну үшін, Алла Тағала адамдарды сезімтал әрі эмоцияға берілгіш етіп жаратқанын, бұл біздің қалпымыздың ажырамас бөлігі деген фактты қабылдау керек. Біздің эмоциямыздың бір бөлігі бізді әдемі, мейірімді және жанашыр етсе, екінші бөлігін жеңу арқылы Жаратушының разылығы мен сауабына кенелеміз деп қабылдаған дұрыс болмақ.

 

Ұстамды болу

Біз өзіміздің сезімімізді басқара алмаймыз, бірақ ойымызды, тілімізді және әрекетімізді басқаруға шамамыз жетерлік. Үнемі көңіл-күйіңізді түсіріп, ақылға қонымсыз әрекеттер жасауға апаратын ойдың жетелеп, санаңызды жаулап алуына жол бермеңіз. Адам баласы ойынан емес, сөзі мен амалынан сұралатынын есімізден шығармайық. Бұл жерде біздер үшін үлкен нығмет бар. Жаман ой мен сезім шегіне жетіп, асқынып кетпес үшін Хақ Тағаланың жолынан алшақтамаған дұрыс.

 

Дұға етіп, Алланы еске алу

Есте болатын жайт, Алла Тағаладан өзге ешқандай мақұлық біздің жан дүниемізді біле алмайды, өйткені жүректерді өзгертуші Алла ғана. Бойымызды қандай сезім мен әсер билемесін, жан дүниемізді жарқын әрі жақсы сезімдерге толтыруға, Аллаға деген сүйіспеншілік пен құрметке толтыруға талпынуымыз қажет. Бойымыздағы жағымсыз эмоцияларды құлшылықпен және Алланы еске алумен жоқ етуге асығуға тиіспіз. Егер сізді ренжітсе, ашуландырса, сәл дем алып, орын алған жағдайға жеңіл қараңыз да Аллаға тәуекел етіңіз. Осы әрекет эмоцияға салынып, оның соңында кетпеуге жақсы көмек береді.

 

Жаратушымыз жан дүниемізге тыныштық берсін!

islam.muftyat.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста