Ең ауыр жеті күнә - Дінтанушы

Ең ауыр жеті күнә - Дінтанушы

Белгілі дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы исламда тыйым салынған ең үлкен жеті күнәға тоқталды. Сондай-ақ имам қазіргі қоғамды бұзып, адамдардың қатынасына кедергі келтіретін басты жайттарды да тізіп шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Ислам дініндегі ең ауыр жеті күнә туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі болсын) хадисінде айтылған. Адамзатты үлкен қасіретке әкелетін жеті күнә жайлы ақпарат көздері де жиі жазып жатыр.

 

Бұл қандай күнә?

Бірінші – Аллаға серік қосу.

Екінші – сиқырлау, адамның сыртынан дуа жасау.

Үшінші – өсімқорлық, яғни, пайызбен қарыз беру.

Төртінші – адам өлтіру.

Бесінші – жетімнің ақысын жеу.

Алтыншы – соғыс майданынан қашып, мемлекетті қолдамау.

Жетінші – біреуге жазықсыз жала жабу" - деді дінтанушы.

 

Нұрлан Байжігітұлы қазіргі қоғамға іріткі салатын жеті нәрсеге де тоқталды.

 

"Бірінші кезекте имансыздықты айту керек. Жаратқанға сенбеу, Алланы танымау имансыздықтан болады. "Құдайдан қорықпағаннан қорық", - деген қазақ.

 

Екіншіден, біздің заманымызда белең алып бара жатқан педофилия, гомосексуализм. Жастардың ой-пікірінің, ориентациясының өзгеруі. Бұл зинаға жатады.

 

Үшіншден, ішкіліктің қоғамды аздыратынын айтқым келеді. Арақ ішкен адамның отбасы бұзылады, жанұясында күнде жанжал болады. Ішкілікке тойып алып, көлік айдайтындар адам өлтіріп тынады.

 

Төртінші олқылық – әділетсіздіктің, парақорлықтың белең алуы. Қазынаны ұрлау, әйелі мен тоқалын асырау үшін мемлекет мүлкін тонау, мұның бәрі - әділетсіздік.

 

Қазір жиі айтылатын аборт мәселесін қазіргі заманның бесінші қасіретіне жатқызамын. Аборт та адам өлтіру болып саналады. Тек дәрігердің айтуымен, аборт жасамаған жағдайда жүкті әйелдің көз жұматындай қаупі туса ғана рұқсат етіледі. Қалған кездерде бұл - үлкен күнә.

 

Алтыншы кемшілік – өсек, өтірік, жала жабу. Біреудің сыртынан сөз айту әлі тыйылған емес. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі болсын) өтірік айтқандарды өз үмбетіне жатқызбаған.

 

Ал жетінші кемшілік – тәкаппарлық, адам менсінбеу. Бай мен кедей болып бөліну, мектепте жағдайы жақсы мен жағдайы төмен болып бөліну... Мақтану, менсінбеу... Мұның бәрі құрдымға әкеледі", - деді Нұрлан қажы.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста