ЕР ЖІГІТТІҢ БОЙЫНДА БОЛУЫ ТИІС ҚАСИЕТТЕР

ЕР ЖІГІТТІҢ БОЙЫНДА БОЛУЫ ТИІС ҚАСИЕТТЕР

Бабалардан қалған асыл сөздерді сарқып, жыр-мұраларды парақтар болсақ, ер жігіт, ер азаматқа қатысты өте көп сын-сипатты ұшырастыруға болады. Мәселен, батырлар жырында еркектің бейнесі «еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қапсағай денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, кескін сөзді, кесек бітімді, қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, көк бөрідей қайсар, қабыландай сұсты, бұландай сүйекті, нардай төзімді, ар алдында ақ, сауысқандай сақ...» деп сипатталады. Мұндай білектілердің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Жігіттің сұңқары, жігіттің сұлтаны, жігіттің қыраны, жігіттің арыстаны, жігіттің қабыланы, жігіттің сарасы, жігіттің нары, жігіттің жампозы» деп мақталып жатады емес пе? Өкініштісі, бұл сипаттарды дәл қазіргі уақытта біреуге айта қалсаң, қабақ шытқан, назды жүздерді табасың. Құлағымыз «баяғыда ата-бабаларымыз мынадай болған, анадай болған, қазіргі жігіттердің барлығы ұсақталып кеткен т.с.с...» пікірлерді ести қаласың. Алайда, мақсатымыз өзгені айыптау, уәж айту, сынға алу, кінәліні іздеу, жоқтау емес еді. Абыздардың ауыздарынан шығып, ғасырдан ғасырға жетіп, күні бүгінге дейін қолданыста жүрген мақал-мәтелдер, нақылдарды, Алла мен Оның Елшісінің сөздерін топтастырып, ер жігіт қасиеттерін бір айқындап қойсақ деген ниет қана. Ақылды, арлы, есті жігіт өзіне қажетін сарқып алар...

 

Жомарттық, мәрттік

·        Жомарт бергенін айтпас,

Ер айтқанынан қайтпас.

·        Айнымас жүрек, ер көңіл ер жігіттің серігі.

·        Ер азығы мен бөрі азығы – жолда

·        Кең пейілді кемімес, тар пейілді кеңімес.

 

Жауапкершілік

·        Болар елдің баласы он бесінде баспын дер,

Болмас елдің баласы отызында жаспын дер.

 

Ағайын-туысшылдық, жақынның қамын жеу

·        Мал қонысын іздейді,

Ер жігіт туысын іздейді.

 

Елжандылық

·        Ердің жақсысы

Елімен ойласады.

Әйелдің жақсысы,

Ерімен ойласады.

·        Адам болатын жігіт алдыменен өз нəпсісін билейді.

Сонан кейін ауылын билейді. Ауыл билеген аймағын билейді.

 

·        Пайдасы бар жігіттер, дария шалқар көлмен тең. 
Пайдасы жоқ жігіттер, ем қонбайтын шелмен тең.

·        Ел болатын жігіттер,
Ел намысын жыртады.
Ел болмайтын жігіттер,
Елін ұрлап құртады.

 

Даналық, алғырлық

·        Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,

Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар

 

·        Қойдан қойдың несі артық,

Қол басындай еті артық.

Ерден ердің несі артық,

Ойлап айтқан сөзі артық.

 

Намысқойлық

·        Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

·        Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат.

·        Қара бет болып қашқаннан,

Қайрат көрсетіп өлген артық. 

 

Аманатшылдық, әйелге, әпке-қарындасқа деген қамқорлық

·        Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.

 

Кеңпейілдік

·        Болатын жігіт епшіл,
Болмайтын жігіт кекшіл.

 

Еті тірі, мақсаткерлік, нантапқыш, еңбекқор

 

·        Жаман болатын жігіт шегіншек келер,
Кедей болатын жігіт еріншек келер

 

Аз сөзділік, көп істілік, сертінде тұру, мылжыңдықтан алыс болу

·        Емен ағаштың иілгені - сынғаны,

Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені (халық мақалы)

·        Жігітті көркінен таныма, сертінен таны.

·        Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.

 

Талаптылық, іске беріктік

 

Керек іс бозбалаға — талаптылық,

Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп,

Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық.

 

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз! (Абай Құнанбаев)

 

Досқа адалдық, өсек, өтірік, ғайбаттан алыстық

 

Жолдастық, сұхбаттастық — бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.(Абай Құнанбаев)

 

Суық ақыл, жауапкершілік, өздеріне артылған жүкті, аманатты сезіну

«Еркектер әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды… » («Ниса» сүресі, 34-аят).

Ердің отбасында басшы болуының сыры – əйеліне көркем мəміле жасай алуында жатыр. Ақыл, ой-пікірінің жетіктігінен және қиындықтарға төзімділігінен ер кісі отбасының басшысы болып табылады. Бұл əйелдердің ақылы кем деген сөзді білдірмейді, əрине. Ер адамға басшы болу жауапкершілігі жүктелгендіктен, кездесетін кейбір қиындықтарға төзіп, кейбір кемшіліктерге көз жұмып, өзін сабырға үндеуі қажет болады. Ал, әйел заты, негізінде, табиғатынан бітім-болмысы әлсіз, сезімге жақын, сүйеніп өмір сүруді ұнататын жаратылыс. Егер ер адам əйел затын әрбір нәрсеге есеп ете берсе, əйел еш нәрсе істей алмай қалады. Ал оның қисықтығын түзету – оны сындырып алуға апарып соғады. Оны сындырып алу – онымен ажырасу. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер. Өйткені олар қабырғадан жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түзулеймін десеңіз, сындырып аласыз. Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді. Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер». (Бұхари және Муслим жеткізген)».

«Сендердің әрқайсыларың бақташысыңдар және сендердің әрқайсыларың баққандарыңа жауап бересіңдер: әмірші өзінің қол астындағыларға бақташы саналады, еркек өзінің жанұясының бақташысы, әйел де күйеуінің үйінде бақташы, әрі өзінің бақташылығына және оның балаларына жауапты. Сонымен, әрқайсың бақташысыңдар және әрқайсың баққандарыңа жауапкершілік көтересіңдер». (хадис Бұхаридан)

Асыл арна

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста