Ережеп айының 27-ші түні неліктен қасиетті?

Ережеп айының 27-ші түні неліктен қасиетті?

Биылғы жылы сәуір айының 23-24-не қараған түні, ал мұсылманша ережеп айының 27-і түні Миғраж түні деп аталады.

Ережеп, Шағбан айларында түрлі құлшылық пен игі істерді молайтып сауапқа кенелсек, екінші жағынан солар арқылы алдымыздағы айлардың төресі Рамазанға дайындық жасаған боламыз. Ережеп айында қасиетті Миғраж түні бар.

Миғраж, Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға көшперден бір жарым жыл (621ж.) бұрын болған мұғжиза. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Алла Елшісі(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пыраққа мініп түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушының құзырына шыққан болатын. Сөйтіп үмметіне екі дүниенің бақытына кенелетін теңдесі жоқ сый - намазды әкелген еді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендер қайырлы үмметсіңдер. Сендерге деген Алланың барлық жақсылықтары бар. Бес уақыт намаздың өзі - Миғраж. Мен Алланың алдында өмірімде бір рет болдым, миғражда. Сендер Алланың алдында күніне бес рет боласыңдар» - деген. Әрине бес уақыт намазбен.

Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Жәбірейіл періште айтты:

– Иә Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын), сенің үмметіңнен болған бес түрлі кісінің жан тапсырар уақыты келгенде Алла Тағала:

Менің бұл сүйікті құлдарымның жанын қинамаңдар. Жәннаттың қай есігінен кірем десе кірсін» - деп әмір етер. Жәннат періштелері бұл кісіге құрмет көрсетіп, «мархаба» деп тұрар және рухтары әнбие әулиелермен бір болар». Бұл хадисті естіген хазреті Омар (Оған Алла разы болсын) шыдамастан орнынан тұрып:

«Иә, Алланың Елшісі! Бұл бес түрлі адамдар кімдер?» - деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ей, Омар!

Бұл бес түрлі адамдардың өздері істеп жүрген тағат-ғибадаттары бар. Оны істеген адамдар сол қауымнан болады:

1.Ережеп айы келгенде нәпіл ораза ұстап құлшылық етуші адам.

2.Алла жолында Отан үшін, дін үшін деп өлген кәміл шахид.

3. Жұма намазын қалдырмаушылар.

4.Насихатшы ғалымдар.

5. Алла Тағаланың дидарына ғашық болған тақуалар» - деді.

Сәубән (Оған Алла разы болсын) мына бір оқиғаны жеткізген:

Пайғамбарымызбен (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірге кетіп бара жатыр едік. Жолымызда қабірлер болатын. Пайғамбарымыз(Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір кезде қабірлерге қарап, көзіне жас алды.

Содан соң маған қарап:

«Ей Сәубән, мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан құтқаруды тілеп Алла Тағаладан дұға еттім. Егер де бұлар Ережеп айында бір күн ораза ұстаса немесе құлшылық етсе, яки осы айда дүниеден өтсе,онда бұларға қабір азабы болмас еді» - деді. Сонда мен:

«Иә, Алланың Елшісі! Ережеп айының бір күнгі оразасы қабір азабынан құтылуға кәффәрат болады ма?» - деп сұрадым. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Әр мұсылман ең болмаса ережеп айында бір күн нәпіл ораза ұстаса, ғибадат етіп, құлшылық жасаса немесе осы айда бұл дүниеден озса, Алла Тағала ол кісінің амал кітабына бір жылғы ғибадаттың сауабын жазар» - деген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Исенов Нариман:

«Ережеп айының қасиеті туралы Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінен артық анық түсінік бола қоймас. Ережеп оразасы басқа нәпіл оразалардың ішіндегі ең сауабы үлкен ораза болып саналатынын естен шығармайық. Бұрындары аталарымыз басында, ортасында, соңында деп үш күннен ұстаған оразалар осы ережеп оразасы. Үш күннен бөліп ораза ұстаудың мүмкіндігі дәл қазір яғни ережеп айына келіп тұр»,-деді.

Осындай сауапқа толы шексіз ғибадатты қастерлеп үш күннен бөліп ұстап бір ай толық ұстаған сауапты амалға асығайық.

 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста