Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал жұмақта өлім болмайды
Жəннаттың бiр сипаты!
Бірде бір кісі:
– Уа, Расулаллаһ! Осы өмірдегі адамға ұнайтын ләззатты нәрсенің бірі ұйқы екені белгілі. Ал о дүниеде ұйқы бола ма? – деп сауал тастайды. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сəлемі болсын) байсалды үнмен:
– Естеріңде болсын, ұйқы – өлімнің бір түрі, ал жұмақта өлім болмайды, – деп жауап береді. Жаңағы кісі:
– Ал адамдардың көздері талса, қалай дем алады? – дейді тағы да.
– Ол жерде шаршау деген атымен болмайды. Олардың әр ісі ләззатқа кенелтеді, – деді де мына аятты оқып берді:
«Раббымыз бізді мәңгілік тұрақтайтын жерге орналастырды. Бұл жерде біз ешқашан жалықпаймыз, әрі шаршамаймыз»
«Фатыр» сүресі, 35-аят
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу