Фатиха сүресінің түсірілуі

Фатиха сүресінің түсірілуі

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге отырған кезде сырттан дабылдың (муз.аспап) даусы естіледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 

- Мекке тұрғындары неге шулап жатыр? - дейді.

 

- О, Алланың елшісі! Қалаға сауда керуендері кіріп келеді. Адамдар соған қуануда, - дейді сахабалар.

 

- Онда, тұрыңдар. Біз де көріп келейік, деп барлығы сыртқа шығады.

 

Қалаға бір-бірден жеті керуен кіріп келе жатыр екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) байлыққа малынған саудагерлерді көріп: «Алла тағала бұл саудагерлерге мол байлық берген екен, ал менің сахабаларымда оның бірі де жоқ» - деп мұңаяды. Расында, Алла елшісі (с.ғ.с.) мен сахабалары өте жұтаң тұратын. Кейде тіпті аш жататын күндері де болушы еді. Осылайша ойланып тұрғанда Жебірейіл (ғ.с.) пайда болып:

 

- Уа, Алла елшісі! Алла саған жеткізуді бұйырды: саған жеті аяттан тұратын сүре («Фатиха») жіберді. Оны үнемі оқитындарға тозақтың жеті есігі жабық. Өлімнен басқа барлық ауруға ем.

 

Бұл сүре түсіп жатқанда бір шайтан дірілдеп, айғайлай бастады. Басшыларының ары мұны естіп: «Не болды?» - деп сұрайды. Ол былай деп жауап береді: «Бүгін ол үмметке сондай бір сүре түсті, оны оқығандар жұмаққа кіреді. Оны оқитын адамға қарсы біз ешнәрсе істей алмаймыз. Біздің қақпанымыз, азғыруымыз құрдымға кетеді».

 

- О, Мұхаммед! - деп сөзін жалғады Жебірейіл (ғ.с.). Жеті аяттан тұратын бұл сүре қалаға кірген жеті керуеннен артық емес пе?

 

- Әрине, бұл сүре әлдеқайда артық, - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

 

- Олай болса сен оның қасиетін ұғынып, құрмет көрсет.

 

Сосын Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір аят түседі де, Алла елшісі (с.ғ.с.) оны оқиды: «Кәпірлердің бір бөлігіне берген дүниелік өткінші нығметтерімізге қызығып көз сүзбе. Сондай-ақ (иман етпеді, ақиқатты түсінбеді деп) олар үшін мұңайма. Мүміндерге жанашыр, кішіпейіл әрі қолқанат бол!» («Хижр» сүресі, 88-аят).

 

Сол замандағы Аттадан (р.а.) «Фатиха» сүресі қашан түсті деп сұрағанда: «Ол Меккеде болған, жұма күні Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Алланың берген сыйы. «Фатиха» түсіп жатқан уақытта, жерге Жебірейіл (ғ.с.) жетпіс мың періштенің қоршауында түсті».

 

Бір деректе: «Істеген күнәлар үшін Алла жазалайды. Алайда кімде-кім «Фатиха» сүресін оқитын болса, Алла тағала ол кісіні 40 жылдық жазадан құтқарады» - делінеді.

 

Анығын Алла біледі.

 

 

 

Ihsan.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста