Фокусқа Исламның көзқарасы қандай?

Фокусқа Исламның көзқарасы қандай?

Әссләмуғалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сұрақ: Ислам дінінде фокус, экстросенс дейтін түсінік бар ма? Бұған Ислам дінінің көз-қарасы қандай?

Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Фокус (иллюзионизм), экстрасенсорлық қабылдау (экстрасенсорное восприятие), гипноз, магия бәрі «сиқыршылық» ұғымының шеңберіне кіреді. Өйткені, шариғатта сиқыр деп, пайда болу себебі жасырын, адамның қиялын әлдебір нәрсенің шынайы көрінісінен басқа жаққа жетелейтін және алдау мен көзбояушылыққа сүйенетін әрекетті айтады[1].

Осыған орай, сиқыршылықты екі топқа бөліп қарастыруға болады:

Қолдың ептілігімен немесе өзге заттарды пайдалана отырып адамдарды жаңылыстырар көзбояушылыққа, алдап-арбауға сүйенетін сиқыршылық.
Жын-пері, шайтандардың көмегіне сүйенетін сиқыршылық. Бұған көбіне тәуіптерді, магиямен айналысатындарды, көріпкелдерді (экстрасенстерді), гипнозшыларды және астрологтарды жатқызсақ болады.
Сиқырдың қай-қайсысы да Исламда харам. Құранда былай делінеді:

"...Сүлеймен кәпір болған жоқ, керісінше, адамдарға сиқырлық үйреткені үшін шайтандар кәпір болды..." (Бақара - 102).
Ал, енді, «фокуспен» айналысу да көз-бояушылыққа әрі алдап-арбауға сүйенетіндіктен Исламға теріс. Себебі, Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің бір хадисінде: «Алдап-арбаушы, айлакер – тозақта», - деген[2].

Бұнымен қатар, Құранда айтылған Мұса пайғамбар мен сиқыршылардың арасында өткен сайыс жайындағы оқиға бәріне мәлім. Сонда олардың көз-бояушылық арқылы халықты алдағысы келгендіктері айтылады:

«Сол сәтте, олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып сезілді»[3].
«Сиқыршылар таяқтар мен жіптерін тастап адамдардың көздерін сиқырлады, жұртты үрейлендіріп жіберді, сөйтіп үлкен сиқыр көрсетті»[4].
Демек, Мұса пайғамбармен сайысқа түскен сиқыршылар[5] жоғарыдағы екі топтың біріншісіне жатады екен. Яғни, қолдың ептілігімен немесе өзге заттарды пайдалана отырып көз-бояушылыққа, алдап-арбауға сүйенетін сиқыршылар тобына. Бір сөзбен айтқанда иллюзионистерге. Бұның өзі "фокус өнерінің" Исламға қайшы екендігіне дәлел.

Осы тұрғыда мына нәрсені де айта кетелік: "Фокус өнерімен айналысатын мұсылман кісі күнәһар болғанымен, кәпір емес" - дейді қазіргі кейбір дін мамандары. - Жоғарыдағы аятта айтылған "кәпір болды" деген сөз жын-шайтанның көмегіне сүйенетін сиқыршылыққа қатысты. Ең дұрысы - Аллаға аян!

[1] Фахруддин ар-Рази: әт-Тафсирул-Кәбир. Бақара сүресі, 103-аят. Бұл тәпсірде сиқырды 8 түрге бөліп қарастырған.
[2] Асқалани: Фатхул бәри. «Китабуль Буюғ», №2035 хадис түсіндірмесі.
[3] Таһа сүресі, 66 аят.
[4] Ағрафа сүресі, 116 аят.
[5] Деректерге қарағанда, сондағы сиқыршылар жиналған қалың жұрттың алдында өз өнерлерін шынайы етіп көрсету үшін екі нәрсені пайдаланған екен: біріншісі – жылан түстес арқан, екіншісі – сынапқа ұқсас, ыстыққа сезімтал сұйықтық. Аталмыш сұйықтыққа малынған арқанды ыстық тастың бетіне тастағаны сол еді, арқандар малынған сұйықтықтың көмегімен жылан тәрізді жыбырлап қоя береді. Осылайша, халықты алдап, көз-бояушылыққа жүгінеді. Алайда, Мұса (ғ.с.) Алла тарапынан берілген мұғжизаның арқасында олардың теріс пиғылдарының быт-шытын шығарады.

 

Абдусамат Қасым 

islam.kz/kk/questions/aqida-senim/fokusqa-islamnyn-kozqarasy-qandai-564/#gsc.tab=0

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста