Ғайбат айту – зинадан да ауыр күнә

Ғайбат айту – зинадан да ауыр күнә

 Ғайбат – бір кісі туралы ол естіген уақытта ұнатпайтын нәрселерді басқаларға айту, ғайбат – қызғанған бір кісіні адамдардың көзінде төмен түсіру үшін оның денесіндегі, ата тегіндегі, киінуіндегі немесе мінез-құлқындағы кемшілктермен айыптау.
Аллаһ Тағала: «Ей, иман еткендер! Күмәнді ойлардың көбінен аулақ болыңдар! Өйткені кейбір күмәнді ойлар күнә. Бір-бірлеріңнің кемшіліктеріңді іздестірмеңдер! Біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине одан жеркенесіңдер! Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһ тәубелерді қабыл етуші, ерекше мейірімді!» («Худжрат»:12)
Бір күні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деді: «Ғайбат не екенін білесіңдер ме?» Сонда сахабалар: «Аллаһ пен Оның Елшісі жақсырақ біледі»-деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дін бауырының ұнатпаған сипаттарын айту»-деген. Сахабалардың біреуі: «Егер айтқан сипаттар бауырымда болса күнә бола ма?»-деп еді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер айтқандарың оның бойында бар болса, ғайбат болады. Егер айтқандарың жоқ болса, онда жала жапқан боласың»,- деген екен. (Әбу Дауд, Әдәб, 40; Муслим, Бирр, 70)
Хадистер: «Миғражға шыққанда мыс тырнақтарымен беттерін, кеуделерін тырнап жатқан адамдарды көрдім. “Бұлар кімдер?” деп сұрағанымда “Ғайбат етіп, адамдардың етін жеп, өздеріне қастандық жасағандар” деді» (Әбу Дауд)
«Қияметте бір адам сауап дәптерінде жасамаған ғибадаттарын көреді. “Бұлар сені ғайбат еткен адамдардың сауаптары” делінеді» (Хараити)
Абу Һурайра (р.ъ.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Өмірінде бір рет ғайбат айтқан адам Ұлық Аллаһ тарапынан он түрлі жазаға ұшырайды: Аллаһтың рахымынан ұзақ болады, періштелер онымен достық құрмайды, өлім кезінде жаны өте қиыншылықпен шығады, Тозақ отына жақын болады, Жұмақтан ұзақ болады, қабір азабы өте қорқынышты болады, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рухы одан қиыншылық көреді, Аллаһ оған (ғайбат айтушыға) ренжиді, Қиямет күні амалдар тартылған уақытта ол кісі амал таразысынан бар нәрсесі таусылып біткенін көреді»-дегенін жеткізген.
«Бір жамағат ішінде болғаныңда бір адам туралы ғайбат айтылғанын көрсең ол адам үшін көмекші бол. Және жамағатты да оны ғайбаттаудан қайтаруға тырыс немесе ол жерден тұрып кет.» (И. Әбиддуния)
«Дін бауырыңның бетіне айтуды қаламайтын нәрсең ғайбат болып табылады» (И. Асакир)
«Қияметте сауап дәптері ашылған адам, “дүниеде болған кезде мынадай ғибадаттарды жасаған едім, мұнда жазылмапты” дейді. “Олар өшіріліп ғайбаттаған адамыңның дәптеріне жазылды” делінеді.» (Исфахани)
«Ғайбат еткен адамды тыңдаған адам да бұл күнәға ортақ болады» (Табарани)
«Ғайбаттан сақтаныңдар, өйткені ғайбат зинадан да ауыр. Адам зина етіп тәубе етсе (қайта істемесе) Аллаһу та’ала оның тәубесін қабыл етеді (кешіреді). Ғайбатталған адам, ғайбат еткен адамды кешірмейінше кешірілмейді.» (Ибни Әбид-Дүния, Дәйләми, Табарани, Бәйхаки, Тәрғиб және Тәрхиб, И. Шарани, И. Ғазали)
«Миғражда кеуделерінен асылып азапталғандарды көрдім. “Бұлар қас, көз ишараларымен мазақ қылып, ғайбат еткендер” делінді. Шынында Құранда былай бұйырылған: “Адамдардың артынан жамандап, қас көзімен мазақ қылғандардың жағдайы қиын болады!”» (Хумәзә-1, Бәйхаки)
«Төрт адамның тартқан ауыр азабынан жаһаннамдағылар мазасызданады. Біріншісі оттан жасалған табыт ішінде, екіншісі асқазандарын жерге сүйретіп жүреді, үшіншісі қан мен ірің құсады, төртіншісі өз еттерін жейді. Біріншісі қарыздар болып өлген. Екіншісі зәрден сақтанбайтын (таза жүрмейтін) еді. Үшіншісі әдепсіз сөйлейтін. Төртіншісі ғайбат және өсекпен айналысатын еді.» (Табарани)
Жаңа жерленген екі өлі үшін расулуллаһ алейһиссалам былай дейді: «Қазір олардың қабірлері отқа толтырылды, азап ішінде жатыр. Айғайлаған дауыстарын адам мен жындардан басқа барлық махлұқ естіді. Егер сыр сақтай алғандарыңда еді, менің естігендерімді сендер де еститін едіңдер. Бұлардың біреуі зәрден сақтанбайтын еді, екіншісі адам етін жейтін еді (ғайбат ететін еді).» (И. Ахмед, Ибни Жәрир)
Расулуллаһ ғайбат еткен адамға «Тәубе ет, бауырыңның етін жедің» деп бұйыратын. (Табарани, И. Әби Шәйбә)
Аллаһ Мұса (ғ.с.) пайғамбарға: «Ғайбат айтқан адам егер ғайбаты үшін кешірім сұрап тәубе етсе, Жұмаққа ең соңында кіреді. Тәубе етпеген өсек ғайбатты жалғастыра берсе Тозақ отына ең бірінші кіреді»-деп уахи еткен екен.
Ғайбаттан тілді сақтау ‒ иман, ерік-жігерді қажет етеді. Ғайбаттың діни әрі қоғамдық зиянын терең түсінген шынайы мұсылман, тілін ауыр азапқа душар ететін індеттен сақтауы керек. Ол үшін ынта-жігерін салып, «егер де мен ғайбат ететін болсам бір айлық жалақымды садақа етіп үлестіремін», я болмаса «ал­пыс күн қатарынан ораза ұстаймын» деп өзіне өзі шарт қойып, сөз берсе, тілін жамандықтан сақтауға үйрете алады.
Пайғамбарымыз: «Сөз тасушы жаннатқа кіре ал­майды» деп үмбетін жаман қасиеттерден алшақ тұруға, жаман қасиеттердің кісіні жаһаннамға жетелейтінін айтып ескерткен.Бухари, Әдәб, 50; Муслим, Иман, 169

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста