Ғайбат етушілердің сауаптары жойылады!

Ғайбат етушілердің сауаптары жойылады!

Дініміз адамдардың арасына жік салатын, бір-біріне жау қылатын, қарым-қатынастарды бұзатын ғайбат, өсек сияқты ауруларға түбегейлі тыйым салады. Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Хужурат» сүресінің 12-аяти каримасында су-и заннан (адамдар туралы жаман ойда болудан) сақтануды бұйыруда, адамдардың бір-бірін көре алмауына тыйым салуда, ғайбатты өлі бауырының етін жеуге ұқсатуда. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ғайбат етудің жазасы туралы былай деген:

«Ғайбат етушіні Аллаһу та'ала он нәрсемен жазалайды: Мейірімінен аулақ қылады. Періштелерден ұзақ қылады. Жақсы амалдарын жояды. Расулуллаһтың рухын одан кері қайтарады. Аллаһу та'ала оған ашуланады. Рухын тапсыратын кезде оның жағдайын нашарлатады. Қабір азабын ауыр қылады. Өлім сәтінде амалдарын сауапсыз қалдырады. Тозаққа жақындатады. Жәннаттан алыстатады.»

Тағы бір хадис шәрифте:

«Ғайбат адамның сауабын, жақсы амалдарын оттың құрғақ отынды өртегеніндей жағады» – делінген.

Ғайбатқа барлық діндерде тыйым салынған еді. Мысалы, Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға уахи түсіріп: «Ғайбат етіп тәубесіне келген адам жәннатқа ең соңғы кіреді. Ғайбат етіп, тәубесіне келмеген адам тозаққа бәрінен бұрын кіреді.»

Иса алейһиссалам бір күні достарынан сұрады:

- Егер сендер ұйықтап жатқан бір кісіні көріп қалсаңдар, ол адамның желден әурет жерінің біразы ашылып қалса, сендер оны жабасыңдар ма?

- Иә, жауып қоямыз.

- Жоқ! Керісінше сендер ашылмаған жерлерін де ашасыңдар.

Олар хазреті Исаның бұл сөздеріне таңқалып:

-Субханаллаһ! Біз ашылмаған әурет жерін не себеппен ашамыз? – деп сұрады.

Сонда хазреті Иса жауаптады:

- Сендерге біреу туралы айтылғанда оның жаман қылықтары мен қасиеттерін айтқан кездеріңде әурет жерінің жабық тұрған жерлерін де ашқан боласыңдар...

Ғайбат әрі Аллаһ алдында, әрі адамдардың ақысын жеу тұрғысынан өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін қателік пен үлкен күнә. Ғайбат етушілердің тілі қиямет күні жаман көрініс алып, бүкіл жаратылыстың алдында масқара болады.

Ғайбат айту немесе ғайбат айтқан адамды тыңдау сазды аспап пен ойын-сауықтан үлкен күнә. Ғибадаттардың сауабын жойып жібереді. Сонша қиыншылықтарға төзіп ғибадат етіп, оның сауабын жою ақылсыздық, сауатсыздық және ақымақтық емес пе?

Ақылды адам – зияны мен пайдасын білетін кісі. Сондықтан ақылды адам өзіне әрі дүниеде, әрі ахиретте зияны тиетін осы ғайбат кеселінен бойын аулақ ұстайды.

islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста