ҒАЙБАТ ЖӘНЕ ЖАЛА ТУРАЛЫ ХАДИС
عَنْ أَب۪ي هُرَيْرَةَ  أَنَّ رَسُولَ اللّٰه قَالَ: « أَتَدْرُونَ مَا الْغ۪يبَةُ؟» قَالُوا: اَللّٰهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ. قَالَ: «ذِكْرُكَ أَخَاكَ بِمَا يَكْرَهُ» ق۪يلَ: أَفَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ ف۪ي أَخ۪ي مَا أَقُولُ؟ قَالَ: إِنْ كَانَ فِيهِ مَا تَقُولُ فَقَدِ اغْتَبْتَهُ وَإِنْ لَمْ يَكُنْ فِيهِ مَا تَقُولُ فَقَدْ بَهَتَّهُ
Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме? - дегенде, сахабалар: Аллаһ пен Оның елшісі бізден жақсы біледі - деді. Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): Ғайбат - мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың - деді. Сахабалардың бірі: Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше? - деп сұрады. Сонда ол: Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың - деп айтты» - деген.  (Муслим риуаят еткен)