Ібілісті ең төменгі дәрежеге жеткізген не?

Ібілісті ең төменгі дәрежеге жеткізген не?

Алла Тағаланың ұлы нығметі мен шексіз сыйына сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын!

Жүрегінде иманы бар әрбір мұсылман Аллаға құлшылығын ешуақытта тоқтатпау қажет. Мешітке барып, діни сауат ашып, иманды берік ету қажет. Намаз оқып, ораза ұстап, садақа беру абзал. Бес уақыт намазды уақытылы орындауға ерінбей, керісінше мол сауап тілеп, нәпіл намаз оқып, иманымызды арттыра түсуіміз керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түнде тұрып, көп уақытын нәпіл намазға бөлген.

Ол туралы хадистер де көп. Алла Елшісінің (с.ғ.с.), жазғышы ретінде танымал болған Абу Хузайфа бин аль-Йаман аль-Ансари (олардың екеуіне де Алланың ризашылығы болсын) былай дейді:

«Бірде мен Алланың Елшісімен (с.ғ.с.) түнде бірге нәпіл намаз оқыдым. Сонда ол (намаздың бірінші рәкәғатында) «Бақара» сүресін оқи бастады. Мен өз-өзіме: «Ол (осы сүренің) жүз аятын оқып рукухқа барады», - дедім, бірақ ол одан кейін де оқуын жалғастыра берді. Сонда мен өзіме: «Ол (сүрені) (намаздың бірінші рәкәғатында) толығымен оқып шығады», - дедім. Сосын мен өзіме: «Оны оқып бітірісімен рукух жасайды», - деп тұрғанымда, ол «Ниса» сүресін оқып бастап, оны толығымен оқып шықты, сосын «Аль-Имран» сүресін оқуға кірісті де, оны да толығымен әр әріпін шығарып, мәнерлеп оқып бітірді. Сол кезде Ол аяттың ішінде Алланы мақтау туралы сөздерді оқығанда, ол Алланы мақтады, ол аяттың ішінде Аллаға дұға жасау туралы аятты оқығанда, дұға жасады, ал Алладан пана сұрау жайлы аятты оқығанда, ол Алладан пана сұрады, содан соң Ол иіліп рукухқа кетті. Сол кезде: «Менің Ұлы Раббым кемшілік атаулыдан пәк!» - деп айта бастады да, оның рукухы қиям кезінде қанша тұрса сонша уақытты алды. Сонда ол: «Алла Тағала Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естиді. Раббым саған мақтау!» - деп бойын түзеді де, осы күйде рукухта қанша болса, соншама уақыт аралығында тұрды. Ал сосын ол: «Аса Жоғары Раббым пәк!» - деп сәждеге жығылды да, сол қалпында, тік тұрған кезінде қаншама уақыт өткізсе, соншама уақыт болды» (Муслим). Бұл хадистан нәпіл намазды жай оқып қана қоймай, оған аса көңіл бөлу қажеттігін көреміз. Тағы бір дереккөзде Ибн Масъудтың (Оған Алланың ризашылығы болсын) былай дегені келтіріледі: «Бірде мен Алла Елшісімен (с.ғ.с.), түнде бірге нәпіл намазын оқығанымда, оның көп тұрғаны соншалық, мен бір жағымсыз іс жасай жаздадым». Адамдар одан. «ол жасай жаздаған ісің не?»,-деп сұрады. Оларға ол: «Менің оны қалдырып отыра кеткім келді»,-деп жауап берді. (Бухари, Муслим).

Бұл хадистер түнгі ұйқымызды бөліп, намазға ден қойып, Аллаға құлышылығымызды арттыра түсейік деген ниетте келтіріліп отыр. Алланы тану, оған құлшылық ету тек намазда ғана емес кез-келген жақсы әрекеттің барлығы да соның бір көрінісі болып табылады.

Соның бірі – садақа беру. Мейірімділік әр адамды жұмаққа жеткізсе керек. Садақа беруге намыстанатын кісілер бар, солардың бірі болмаңыз. Көшеде қол жайған адамды айналып өтетіндер бар, солардың бірі болмаңыз.

Садақаны кімге берерін білмей жүрген жандар бар, осылардың да бірі болмаңыз.

Садақа беру құлышылықтың ең абзалы болса керек, өйткені сіз Алла берген ризықтың бір бөлшегін қиып өзгеге бересіз. Әлбетте оның қайтарымы бергеннен көп болары хақ. Садақа сөзін әркім әртүрлі түсінеді. Көпшілік қауым тек ақшалай біреуге көмек беру деп ұғады. Кез-келген жақсылық садақа болып саналса керек. Өйткені: «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» (Табарани) деген. Яғни, садақа тек ақшамен өлшенбесе керек. Садақа беру арқылы құлшылығымызды арттырайық. Мінезімізді көркем етейік, жақсылық істеуге өркөкіректенбей, намыстанбай Алладан сауабын тілейік. Пайғамбармен (с.ғ.с.) сахабаларының арасында мынадай сөз қозғалады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-Әрбір мұсылман садақа беруі тиіс,-дейді.

-Иә, Расулуллаһ! Беретін нәрсе таппағандар не істейд?

-Еңбектеніп табыс табады және садақа береді.

-Істейтін жұмыс табылмаса ше?

-Көмекке мұқтаж кісіге қандай да бір көмек береді.

-Көмекке мұқтаж кісі табылмаса ше?

-Кез-келген бір жақсылық жасауы (мал-мүлкі болғанда мен де садақа берер ем деу, біреуге жол көрсету, жолдағы кедергілерді алып тастау, өлімді еске алу, басқаға зиян тигізуден сақтану, ілім үйрену және үйрету секілді) ол үшін садақа болып табылады» деген. (Бухари, Муслим, Нәсаи).

Садақаны кімге беремін, бүгінгі қоғамда садақаға зәру жан жоқ демеңіз. Әрбір адамға істеген жақсы амалыңыз садақа болады. Аиша, оған Алланың ризашылығы болсын, ол былай дейді: «Бірде мен: «Иә, Алланың Елшісі, менің екі көршім бар, олардың қайсысына сый беруім керек?» - дедім. Ол: «Қайсысының есігі жақын болса, соған» - деді (Бухари). Сіз де, көршімен жақын болыңыз, сый сыйлаңыз, жылы лебіз танытыңыз, қайырымды болыңыз! Сөзсіз, Алланың шапағаты мол!

Осы ретте тоқталмай өтпейтін өзекті тақырып, ол ата-анаға құрмет. Тіршілік қамымен жүріп, алыстағы аке-шешемізді ұмытып кететініміз рас. Әркез қоңырау шалып, сәлем беріп қойсаңыз Алланың рахметі жауар хақ. «Жылы сөзбен сәлем беру – садақа» дейді Байхаки. Анас, оған Алланың ризашылығы болсын, ол Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: «Кімде-кім ризығының көбеюін және өмірінің ұзаруын қаласа, туған туысқандарымен қарым-қатынасын үзбесін» (Бухари). Яғни, қарым-қатынаста болу да садақа.

Аллаға құлшылықтың тағы бір көрінісі деп жетімге көмек қолын созуды айтар едім. Жетімнің басынан сипап, жылы лебіз танытып, оған меіріміңді бөлу неткен ғанибет десеңізші. Біздің қоғамда ата-ана мейірімінен алыс қалған жасөспірімдер саны көбейіп жатыр. Бұл өте жан түршігерлік жай болғаны мен бір адам ешнәрсе өзгерте алмасы анық. Әлеуметтік мәселе болғандықтан, саяси пікір білдіру қиындық тудырады. Сол себепті де қолымыздан келген басқа амалды орындауымыз адамгершіліктің нышаны болмақ. Жаратқан Иеміз мұсылмандарға жетімдерге қарасуды, оларды аялауды, ескеруді және білім беріп, кәсіп үйретуді бұйырады: «Оларға айт: Жетімдерді ислах ету (оларға жақсы тәрбие беріп, пайдалы адамдарға айналдыру) хайырлы. Ал, олармен бірге өмір сүрсеңдер, онда, олар сендердің бауырларың» (Бақара сүресі, 220-аят). Рамазан айында еліміздегі мешіттер жетімдерге көмектесіп, өте үлкен қайырымдылық шараларын жасап, көпшілікке сабақ болар істер атқарды. Қалталы азаматтар да өз тараптарынан қаржылай көмектерін аяп қалмағанын баса айтқан жөн. Жетімдерге қайырымдылық жасау тек рамазан айының көрінісі болып қалмауы қажет. Балалар уйіне, мүмкіндігі шектеулі әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, жетімдер үйіне барып, аз да болса тәтті тамақ апарып, киім-кешек беру арқылы екі сауап алуға болады. Жетімді қолдау мен садақа болып есептелмесіне кім кепіл. «Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме» дейді «Зуха» сүресінің 9-10 аяттарында. Сахл ибн Саъд (Оған Алланың ризашылы болсын), Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай деп айтқанын жеткізген екен: «Мен Жәннатта жетімді асырағанмен мынадай бірге боламын», - деп, сұқ саусағы мен одан кейінгі саусағының арасын ашып көрсеткен екен (Бухари). Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында болуды аңсаған әрбір жан, жетімге қамқор болып, мүмкіндігі болса өз балаларымен қатар асырап, өсіріп, аяққа тұрғызғаны абзал.

Алла Тағала: «Раббың: «Одан өзге ешкімге құлшылық етпеңдер және ата-аналарыңа игілік жасаңдар!» деген. Жер бетінде қанша тіршілік болса, соның барлығы да Аллаға иіліп, құлшылық етіп тұрады. Әрбір істеген амал ынта-жігермен жасалғаны абзал. Шын ықыласпен істелеген істе береке бар. Бүгінде кейбір жандар амалдарын көзбояшылық үшін істейтін сияқты. Көбі өз көңілін жұбату үшін, яғни міндетімнен құтылдым, болды дегендей әрекет етеді. Көпке топырақ шашпаймыз, дегенмен оразаны мақтаныш үшін ұстап, жанындағы жолдастарымен, ағайын-туыспен жарысып, өз дәрежесін биіктен көрсету үшін ауызашар беретіндер бар. Намазын қаза қылып, асағыс, шала оқитындарды да кездестіріп жатамыз. Намазды оқып жүрген жас жеткіншектер айтып отырған сүрелерінің мән-мағынасын жетік түсінбейді. Нәтижесінде аяттар қате оқылады. «...Және өздерің үшін, алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар...» (Мүзәмміл сүресі, 20 аят) деген Құран сөзінен әрбір істеген амалымызды зор ықыласпен, адал жүрекпен Алла ризашылығы үшін істесек, Алланың шапағатына иенетінімізді түсінуге болады. Абу Хурайра Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін жеткізген: «Расында Алла Тағала айтты: «Егер құлым Маған бір алақан жақындаса, Мен оған бір білек жақындаймын, егер ол Маған бір білек жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын, ал егер ол Маған ақырын жүрсе, онда Мен оған қарай жүгіре жөнелемін» деген хадис жеткен (Бухари).

Аллаға құлышылық жүректен басталады. Жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы да, құлшылықтың бір ұшқыны ғана іспеттес. Жүректегі иманды күшейтіп, бес парызды орындап, мінезді көркейту Жаратқан Иемізге деген құлшылықтың шынар шеңіне жеткізеді. Мінезді көркем ету, күнәлі істерге апарушы бойдағы барлық жаман мінездерден ада болу. Тәкәппарлық, іштарлық, қызғаншақтық, істің мән-жайына қарамай өзінше әрекет ету, сабырсыздық, ашушаңдық т.с.с. керітартпа мәнездер бес парызды орындауға да садақа беруге де жетім түгілі өз туғаның байырмал болуға да кедергісін тигізуі мүмкін. Алла қандай көркем түр берсе, сондай көркем мінезді болуға тырысу қажет. Соңғы сөзді мына бір хадиспен аяқтағанды жөн көрдім, Ибн аль-Қъайим: «Барлық күнәнің үш негізі бар: тәкаппарлық – Ібілісті ең төменгі дәрежеге жеткізді; құлақ аспай талпыну – Адам алейхиссаламды Жұмақтан шегерді; көре алмаушылық – Адам алейхиссаламның ұлын өз бауырына қастандық жасауына итермеледі. Осы үш қасиеттен қорғанатын адам қастандық, сенімсіздік пен тәкаппарлықтан ада болады» деген.


Айтқазин Рауан Төлеубекұлы
Балқаш қаласы мешітінің наиб имамы

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста