ИМАМ АҒЗАМ ТАҒДЫР ТУРАЛЫ НЕ ДЕГЕН?

ИМАМ АҒЗАМ ТАҒДЫР ТУРАЛЫ НЕ ДЕГЕН?

Ғаламда пайда болған барлық нәрсе иләхи тағдыр мен қазаға қарай орын алады. Өйткені, Құран[2] мен хадистерде[3] барлық нәрсенің жаратылмай тұрып, алдымен жазылғандығы және орын алатын барлық нәрсенің осы жазмышпен жүзеге асатындығы айтылған. Алла тағала жақсы-жаманды барлық нәрсені терең ілімімен алдын-ала біліп, сол іліміне қарай лаух-ы махфузға жазып қойған[4]. Осы арқылы мүминдерді иманға, кәпірлерді күпірге «итермелеместен» баршаға өзінің дербес қалауымен әрекет етуіне мүмкіндік берген. Сондай-ақ, әр адамға қаласа, иман етуіне, қаламаса, иман етпеуіне қажетті ерік-жігер берген.

Адамға берілген таңдау еркі иман етуге де, етпеуге де мүмкіндік береді. Иман етуге де, иман келтірмеуге де екі бөлек ерік қажет емес. Өйткені, Алла әркімнің тағдыр-талайын өзіндік дербес қалауымен анықтайтындай етіп жазған. Осы себепті, ешкім де анасынан мүмин немесе кәпір болып тумайды, мүмин болып жүріп кәпір, кәпір болып жүріп мүмин де бола алады.

Алла тағала құлдарының іс-әрекеттерін жаратады. Пенделер болса, қай амалды жасауды өздері іштей қалайды (кәсб). Егер пенде өз ісін өзі жаратқанда, оларды қалауынша жасап, әр қалағанын жүзеге асыра алуы тиіс еді. Шынтуайтында, пенде әр қалағанын орындай алмайды. Іс-амалдарын жасау күші (иститағат) істен бұрын емес, іс барысында құлдарға берілген. Егер пенде істі жасаудың алдында бұл күшке ие болған болса, Аллаға мұқтаж болмас еді. Ал Құранда пенделердің сәт сайын Аллаға мұқтаж екендіктері айтылған[5]. Күш-қуат істі жүзеге асырудан кейін де пендеге берілмеген. Өйткені, ондай жағдайда іс иститағатсыз жүзеге асуы тиіс, бұл болса мүмкін емес жағдай. Бұндағы мән – Алла құлдың бойындағы иститағатты (жасау қабілетін, шамасын) жаратушы, ал сол істің жақсы, яки, жаман жолда қолданып, әрекет етуі құлға тән (касб). Осы түсініктемелерді берумен қатар Әбу Ханифа ерекше сақтық таныта отырып, Арнайы көзілдіріксіз күнге қарау мүмкін болмағанындай, тағдыр мен құлдардың іс-қимылы мәселесін де ақылдың танып-білуі мүмкін емес екенін айтады[6]. 

Алау ӘДІЛБАЕВ,

теология ғылымының докторы

 


[1] Әбу Захра, Әбу Ханифа, 158-б.

[2] «Қамар» сүресі, 49, 52-53-аяттар, «Юнус» сүресі, 34 және 99-аяттар.

[3] Малик ибн Әнас, әл-Муатта, Қадар 14; Тирмизи, Иман 4

[4] Матуриди, Китабут-таухид (баспаға дайындаған Бекир Топалоғлы – Мұхаммед Аручи) Анкара, һ. 1423, 483-б; Баязизаде, сонда, 266-279 б.

[5] «Фатыр» сүресі, 15-аят; «Мұхаммед» сүресі, 38-аят

[6] Беязизаде, сонда, 150-165-б., 182-183-б, 243-б., 254-б.; Шевки Явуз, 147-б.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста