Ипотекаға пәтер алу харам ба, халал ма? – Діни басқарма түсініктеме берді

Ипотекаға пәтер алу харам ба, халал ма? – Діни басқарма түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде танымал имам, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлының ипотекаға үй алуға болмайтыны туралы уағызы кеңінен тарады. Дін маманы ипотекаға үй алуға болмайтынын, оның өсім екенін қадап айтқан.

– Ипотекаға үй алуға болмайды. Ипотека деген не? Ол жерде не бар? Ол жерде өсім бар. Өсім  дұрыс емес. Пәтер жалдап тұрсаңыз да иманды, ибалы ұрпағыңыз өсіп жатыр. Тақуа балаларыңыз, иманды қыздарыңыз өсіп жатыр. Уайымдамаңыз. Өмір бойы пәтер жалдап тұратын адам жоқ. Алла Тағала барлығына үй береді, сынақ сондай», – деді Қабылбек Әліпбайұлы видеожазбада.

Имамның сөзінше, елімізде ипотекасы бар жандардың бәрі күнәһар екен. Сондықтан оның сөзі қаншалықты орынды екенін білу үшін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасына хабарластық.

– Шариғатқа сай жолын айтатын болсақ. Мысалы, қазіргі уақытта шариғатқа сай ислами банктер бар. Олардың жұмыс істеу принципі былай: үйді сатып алып, үстіне ақша қосып, үстеме бағамен сатады. Яғни, бөліп-бөліп төлеуге береді, бұл шариғатта мұрабаха деп аталады. Осылай сатылатын болса, бұл шариғатқа сай. Ешқандай кедергісі жоқ, – деді ҚМБД Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.

Айта кетерлік жайт, Қабылбек Әліпбайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай өңірінде дүниеге келген. Өзі Алматыдағы «Нұр-Мүбәрәк» университетінде білім алып, Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат факультетінің түлегі. Мамандығы – ислам заңгері. Астана мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы мешіттерде наиб имам болған.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста