Иса пайғамбар жерге түседі - Имам

Иса пайғамбар жерге түседі - Имам

Иса пайғамбардың жерге түсетіні туралы аңызды қоғамда кейбір адамдар айта бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

"1tv.kz" арнасында қиямет күні жақындап, Иса пайғамбардың адамзатты бар жамандықтан құтқару үшін жерге түсетіні туралы сюжет көрсетілді. Онда имамдар мен дінтанушылар осы нәрсенің болатынына жұртты сендірсе, қоғам белсенділері мұндай сенімдер қиялдан туған деп отыр.

 

Иса пайғамбар жер бетіне түседі. Ол ақиқат. Тажалды өлтіреді. Жер бетіндегі көптеген нәрсені тоқтатады. Қияметтің үлкен белгілері болады. Күнделікті шығыстан шыққан күні батыстан атады. Барлығымызды жұмақ пен тозаққа бөледі, — дейді Әл-Фараби мештінің наиб имамы Әділхан Оразов.

 

Имамның сөзін дінтанушы Мұрат Смағұлов та қисынға сүйене отырып растады.

 

Ғылыми тұрғыдан алып қарасақ, өлім болатыны анық. Сол секілді қияметтің болары ақиқат. Оны бәрі мойындайды. Жаратылыстың бір кезде басталып, аяқталады дегені логикаға сай келеді, — Мұрат Смағұлов.

 

Алайда діндарлардың сенімін қоғам белсендісі Нұржан Жолдыбекұлы жоққа шығарды. Оның айтуынша, мұндай дүниенің бәрі — адамдардың қиялынан туған өтірік нәрселер.

 

Өздері мұсылман дінінде жоқ адамды кәпір санап келіп, солардың құдайын адамды құтқарады деу — қиялдан туған әңгіме. Бұл — әртүрлі сенімдегі адамдардың басын біріктіруі үшін жасалған дүние. Ашаршылық жылдарында да ақырзаман келді деп айтылған, — дейді Нұржан Жолдыбекұлы.

 

Алайда бұған көрермен тарапынан да түрлі пікірлер айтылып жатыр. "Ақырзаман жақындағанда жер бетінде әнші мен блогер көбейетін секілді", "Дінмен ойнамаңдар", "Иса пайғамбардың есімі құранда жазылған", "Елдің бәрі итше үріп жүр" деген сыңайда пікір қалдырған.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста