Ішімдік қойылған тойларға баруға бола ма?

Ішімдік қойылған тойларға баруға бола ма?

Дастарханға арақ шарап қойылған тойларға баруға болмайды. Өйткені Пайғамбарымыз с.а.с. «Аллаһ Тағалаға және ақырет күніне иман келтірген адам ішімдік қойылған дастарханға әсте отырушы болмасын» (Тирмизи, Әдәб, 43. Әбу Бәууд, Әтиммә, 18.) деп қатаң айтқан.

Қазақ халқының «топырақты өлімнен, торқалы тойдан қалма» дейтіні бар. Сондықтан қазақ халқының Совет тажалдың құрсауынан босанып, қол аяғын жия бастағанына жиырма жылдай болса да әлі де ішімдіктен толық арыла қойған жоқ. Тіпті, құда құдағи болып жарысып ішіп жараса қалатын «өнерлері» де «әлі күнге дейін бәреулерге «өнеге» болуда. Егер осындай қатып қалған түсініктегі ағайын туысыңыз тойына шақырып, сіз бармай қалсаңыз қатты ренжитіні тағы бар. «Араласпасаң жат боларсың» деген мәтел тағы бар. Сол себепті «мен тақуалыққа бет бұрдым» екенмін деп ағайыннан ат құйрығын үзісіп, туыс бауырдан жырақ жалғыз өмір сүре алмайсыз. Сіз білгеніңізді оларға айтпасаңыз олар кімнен біле алсын!? Айтпай кетсеңіз күні ертең ғарасат майданында «бізге неге естірпедің?» деп жағаңыздан алары тағы бар. Ислам дінінде ағайыннан амандық сұрасып, қарым қатынас жасаудың парыздығы тағы бар.

Сондықтан тойдан бұрын сол ағайынмен амандық сұрасып, «арақ атадан қалған ас еместігін» білдіріп, ата бабасының ұстанған дінін насихаттаған жөн. Һәм бұл күндері қазақ халқының басым көпшілігі тойды ішімдіксіз өткізетін болған. Егер сол ағайын сізді түсінбей Советтің «мирасынан» бас тартпаймын десе, сіз сабыр сақтап, жылылық қалпыңызды бұзбай тойға атағаныңызды алдын ала беріп, шаңырағыңызға қайтқаныңыз жөн. «Тойға қатыспасам ағайыннан ұят болады» деп Алладан ұялуды, Алладан қорқуды ұмытуға болмас.

Мұхитдин Исаұлы,
Отбасы ғылымхалы. 39-бет

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста