Ислам діні дәстүрді жоққа шығармайды

Ислам діні дәстүрді жоққа шығармайды

Соңғы кезде елімізде дәстүр мен дінді бөліп қарайтын жастар тым көбейіп барады. Дәстүрді исламнан бөліп қарауды кейбір ағымдар әдейі теріс пиғылмен насихаттап отырса, ал енді бір жастар білместікпен солардың сөзіне сеніп, ата-баба дәстүріне қарсы шығуда. Осы ретте дін мен дәстүр сабақтастығын, салт-сана мен діни танымның бір арнада тоғысатындығын дәлел-дәйектер арқылы дәлелдеудің орайы туды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажаұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» атты кітап жарыққа шықты. Бұл құнды дүние сан ғасырлардан бері қалыптасқан дәстүрлі діни танымымызды түрлі ағымдардың теріс насихатынан, жаңсақ жорамалдарынан қорғауға арналған. Қалай десек те, қазір біз ортамызға от ала келген ағымдар мен дәстүрге қарсы шығушыларға сол дәстүрлі мұсылманшылығымыз арқылы ғана қарсы тұра аламыз. Дінімізге, дәстүрімізге берік бола алсақ қана елдігімізді сақтап, дербестігімізге ие болып қала аламыз. Сондықтан біз бүгіннен бастап, оқырмандарымызға діни басқарманың «Дін мен дәстүр» кітабынан үзінділер беріп отыруды жөн санадық. Мұқият оқып, ой қосып, пікір білдіріңіздер, ойлы оқырман!

 Қазақ қоғамында салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған
«Жақсы заңың болғанша, жақсы дәстүрің болсын» халық нақылы

Салт-дәстүр – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір сүру қағидасы, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық – өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол
заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан
балаға көшіп, дамып отыратын тарихи-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы – мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

Алла адамзатты бір-бірін танулары үшін түрлі ұлтқа бөлген
Әрбір өркениеттің, әрбір ұлттың өзіндік дүниетанымы бар. Түрлі халықтардың тарихын зерттеген ғалымдар жер бетінде ешқашан дінсіз,
наным-сенімсіз ел болмағандығына анық көз жеткізді. Адамзат түрлі халықтардан, ұлт пен ұлыстан тұрады. Әрқайсысының өзіне тән ұлттық ерекшеліктері, тілі мен дәстүрі, діни нанымдары бар. Мұндай алуан
түрлілік Алла Тағаланың хикметі.
Жаратқан Ие былай дейді: «Әй, адам баласы! Шүбәсыз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам мен Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында, Алланың қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шәксіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы». Осы аятқа зер салсақ, мынадай қорытынды шығарамыз. Құдай Тағала адамзатты түрлі ұлттарға бір-бірлерін танулары үшін бөлген. Бір-бірін тануы арқылы олар өздерін таниды, ал өздерін танулары арқылы Жаратушыны таниды. Жер бетіндегі қаншама миллиондаған адамдардың түбі – бір, барлығы Адам атадан тарайды. Сондықтан да мұсылмандар басқа ұлттарды көргенде шарапатты аят-хадистерге сүйеніп: «Бәріміздің тегіміз – Адам ата, ал оның тегі – топырақ», – деп айтады.
Адамзаттың Алла Тағаланың алдындағы ең қадірлі тобы болып саналатын мұсылман үмбетінің өзі неше түрлі ұлт-ұлыстардан құралған. Пайғамбар (с.а.с.) арабтан болып, Құран арабша түсті дегенмен мұсылмандардың барлығы арабтар емес. Керісінше, қазірде арабтар мұсылмандардың азғантай бөлігі болып саналады. Әлемде екі миллиардқа жуық мұсылман бар десек, соның үш жүз миллиондайы ғана арабтар. Ал бір Үндістанның өзінде үш жүз миллионға жуық
мұсылман бар.
Енді осы мұсылман халықтарының әрбірінің тұрған жеріне, аймағына қарай өзіне тән нәсілдік, тілдік, ұлттық ерекшеліктері бар. Бірақ барлығының діні, танымдық тұғыры бір болғандықтан салт-дәстүрлері, мәдениеті ұқсас болып келеді. Өйткені бәрінің наным-танымы Құран мен хадиске негізделген.
Орналасқан ортасына, табиғатына қарай әрбір мұсылман халқының өзіндік айырма белгілері, мәдениеті, тілі бар. Шариғат бұл айырмашылықтарды теріске шығармайды. Керісінше, заманы мен мекеніне қарай пәтуалардың өзгеруі мүмкіндігін ескертеді.
Мұсылман халықтарының салт-дәстүрлерінің бәрі бірдей шариғат шарттарына сай келе бермейді. Олардың арасында надандық дәуірден қалған, мұсылманшылықпен қабыспайтын сарқыншақтар да болуы ықтимал.

«Дін мен дәстүр»
кітабынан алынды

(Жалғасы бар.   Басы:)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста