Исламда әйелді ұруға рұқсат етілген бе: Имам жауап берді

Исламда әйелді ұруға рұқсат етілген бе: Имам жауап берді

Қазіргі таңда Алла алдында аманат қылып алған әйелін ұратын "ерлеріміз" көбейді. Қол көтеріп қана қоймай бұл әрекетін исламда айтылған, өз әйелін ұруға рұқсат етілген деп ақтап алады. Шын мәнінде асыл дінімізде әйелді ұруға рұқсат етілген бе, қандай хадистер келтірілген? Stan.kz тілшісі исламтанушы имамға хабарласып сұрап білді.
Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб-имамы Ермек Көкірекбаев әйелдердің дәрежесі ислам дінінің келуімен жоғарылағанын айтады.

"Пайғамбарымыз (с.ғ.с) асыл дінімізді әкелгенге дейінгі заманда қыз баланың құны зат сияқты еді. Алып сатып, түрлі қорлық көрсеткен. Масқаралайды деп өз қыздарын тірідей көміп тастайтын әкелер болған. Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) кімнің қызы болса жәннәтқа кіреді, жұмақ ананың табанының астында деп хадистер жеткізген. Ананы қадірлеңдер деп насихаттаған. Әйелдеріне жақсы қарағандарың, Аллаға жақсы болғандарың, әйелді ұруға болмайды, сыйлай біліңдер, қадірлеңдер, құрметтеп қамқорлық көрсетіңдер деп әйел баласын ерекше сыйлаған. Әйелді ұру туралы кейбір ақымақтардың айтып жүргені шығар. Біздің дініміз әйелді қатты сыйлайды, әйел баласына үлкен орын береді. Дінімізде салиқалы әйел сегіз жәннәттің қалаған есігінен кіреді деп нәзік жандылардың мүмкіндігін шекетемеген", - дейді Ермек Көкірекбаев.

Құранда әйел құқықтары мен мүмкіндеіктері туралы хадистер мен аяттар бар.

Алла Тағала: "Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген қайыры жасырынуы мүмкін" («Ниса» сүресі, 19-аят), - деп, отбасында ыдыс-аяқ сылдырлаған жағдайда сабырға келуге, әйелдің бір қылығы жайсыз көрінген жағдайда қатты ашуланып, қателіктерге ұрынбауға шақырады. Жаратушы Иеміздің қай ісінде де біз білмейтін талай хикмет, жақсылық жататынын еске салады.

Әйелді ұру былай тұрсын, күйеуінің оған ренжуін де дұрыс санамаған. Алла елшісі (с.ғ.с): "Мүмін ер кісі мүмін бір әйелге ашуланып ренжімесін. Адам әйелінің бір мінезін ұнатпаса, басқа мінезіне риза болады", - деген.

Тағы бір хадисте: "Мүміндердің иман жағынан ең кәмілі - көркем мінезде ең жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың - жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың", - деген пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелді қай кезде де сыйлауға, оған дөрекілік көрсетпеуге, олармен жақсы тіл табысуға шақырған.

Осы тұрғыда: "Ақыретте күйеуі ұрған әйелдің жоқтаушысы мен боламын", "Күйеуіне қиындық тудырмай, баласын бағып, намазын оқыған әйелдер, сөз жоқ, жұмаққа барады", - деген хадистері де баршаға ой саларлық.

Бір шаңырақтағы балалардың арасын алалағанды құп көрмеген пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Кімде-кімнің үш (екі я бір) қызы болса, соларға жақсы қараса, ақыретте жұмаққа барады", - деп, қыз балаға мейіріммен қарап, ұлдан кем көрмеуді өсиет еткен.

Ислам діні әйел баласын ана ретінде аса қадір тұтқан. "Жұмақ - аналардың табанының астында", "Кімге жақсылық жасайын?" - деген сахабаға үш рет "анаңа" деп жауап берген хадистері осыған дәлел.

Құран Кәрім әйел мен еркектің ізгі амалдарда, ақыреттегі сыйда бір-біріне тең екенін ескертумен қатар, "Ерлердің әйелдердегі хақтары сияқты, әйелдердің де ерлерде белгілі хақтары бар" ("Бақара" сүресі, 228-аят), - дейді. Шапағат пен мейірімнің үлгісі болған, барлық ісі жақсылық пен түсіністікке негізделген пайғамбарымыз (с.ғ.с : "Әйел-дердің құқықтарын аяқасты етпеңдер, Алладан қорқыңдар. Өйткені, сендер оларды Алланың аманаты ретінде алдыңдар", "Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтын менмін", - деп әйелге жай емес, Алланың ер-азаматтарға тапсырған аманаты ретінде қарауға шақырды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста