Исламда «Көрісу күні» туралы айтылған ба?
Ислам әлемдік дін ретінде күллі дүниеге тарады. Оның жер бетінде түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасында жылдам таралуының бір себебі – дін негіздеріне қайшы келмейтін салт-дәстүрлерді кұптап, жаңғыртуы, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Көптеген дәстүрлердің дінге мүлдем қатысы жоқ, бірақ ол екеуі бірге ғасырлар бойы сабақтастықпен өмір сүргеннен кейін сыртқы пішіндерінің бір-біріне ұқсап кеткен жағдайлары кездесіп жатады.
Мысалы, қазақ халқы мұсылман болғандықтан көптеген іс-шараларда ас беріп, қайтыс болған ағайын-туыстарына Құран оқиды. Ал Құран оқылған жерде рухани уағыз айтылады. Сол үшін біраз қарапайым адамдар дін мен дәстүрді ажырата бермейді.
«Көрісу күні» де діни мазмұны жоқ дәстүр қатарына жатады. Ертеде жері байтақ қазақ қар еріп, малдың аузы көкке тиіп, алды-арты кеңейгеннен кейін бір-біріне амандық сұрасып, сәлемдесе барған.