Исламдағы «бір мемлекет, бір қоғам» тұжырымдамасы қалай пайда болған?

Исламдағы «бір мемлекет, бір қоғам» тұжырымдамасы қалай пайда болған?

Бүгінде плюрализмдік қоғам және ондағы қарым-қатынас жайында жиі айтылады. Өйткені, қоғам түрлі ұлт пен ұлыстардан, діндер мен сенімдерден тұратыны мәлім. Бұл мәселе ертедегі Ислам қоғамын да бейжай қалдырмады. Түрлі дін мен мәдениет өкілдерінен құралған қоғам үшін ислам конфессияаралық және этносаралық қақтығыссыз шешім табуға кірісті. Бұған тарих куә.
Мекке шаһарынан Мединеге көшіп келген Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) жаңа, жас мемлекеттің негізін қалау керек болды. Ал мұнда бұрыннан өмір сүріп келе жатқан яһуди, христиан, мүшріктер бар еді. Ол мемлекетті бөліп, мұсылмандарды оқшаулаған жоқ немесе өзге дін өкілдерін қудаламады. Керісінше, бірінші кезекте өзге сенім өкілдерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Жаңа мемлекеттің қабырғасын қатайтып, қоғамды мығым әрі бір бүтін ету үшін шаһар тұрғындарының басын бір араға қосуды көздеді. Сөйтіп парасаттылықпен «бір мемлекет, бір қоғам» концепциясын іске асырды.
Пайғамбардың (с.ғ.с.) басқа дін өкілдерімен жасаған қарым-қатынасын Құрандағы «Кафирун» сүресінің: «Сендерге – өз діндерің маған – өзімнің дінім» аяты анық баяндайды («Әл-Итқан фи әл-улум әл-Қуран»). Қоғамның барлық мүшелеріне, түрлі дін өкілдеріне ортақ заң қабылданды. Оған «Мединелік келісім» атауы берілді. Сондықтан да кейбір теріс ағым өкілдері айтатын: «Мұсылман ислами мемлекетке көшуі керек», «Мұсылман адам кәпірмен бір қоғамда өмір сүре алмайды» немесе «Исламда айтылған құндылықтар зайырлы мемлекет азаматтары үшін қатысты емес» деген сияқты т.б. пікірлері қате.
Жоғарыдағы мысалдан көргеніміздей, пайғамбардың өзі (с.ғ.с.) өзге дін өкілдерімен бірігіп, мемлекеттің іргесін қалады. Оларды өз қамқорлығына алды. Дәлірек айтсақ, пайғамбардың (с.ғ.с.) міндеті – мұсылмандар, христиандар және яһудилер мен пұтпарастар жасайтын қоғамда бейбіт өмірді тұрақтандыру. «Мединелік келісімнің» басты әрі негізгі мақсаты осы еді. Мұнда Мединеде тұратын әр тайпаның жауапкершілігі мен міндеттері анық көрсетілді: олардың бір-бірі алдындағы міндеттері мен шектеулері, ерекшеліктері мен қасиеттері және т.б.
Бұл келісімді – жаңа қалыптасып келе жатқан мұсылман мемлекетінің Конституциясы десек болады. Конституция барлық қауымдар мен тайпаларға тең. Мәселен, Қазақстан Конституциясын бұзған адам сот шешімімен түрмеге қамалады. Дәл сол сияқты, «Мединелік келісімнің» тармағынан ауытқыған немесе оны орындамаған әрекет дінбұзушылық және опасыздық болып саналды.Барлығына ортақ осындай заңның арқасында жылдар бойы созылып келе жатқан, бір-біріне дұшпан саналып келген түрлі дін өкілдерінің, тайпалардың басы бір ортаға қосылды. Осылайша бір-біріне әлімжеттік жасап, атадан балаға мирас болып келе жатқан дұшпандықтың түбіне балта шабылып, жаңа біртұтас қоғам бой көтерді.
Мысалы, аталмыш келісімің бірінші тармағы «Медине тұрғындарының барлығы – мұсылмандар және келісім жасасқан христиандар, яһудилер, мажусилер мен пұтпарастар біртұтас қоғам» деп жарияланды. Адамдардың ұлтына, шыққан тегіне, діні мен тіліне қарамастан барлығы Мединенің азаматтары болып табылды. Демек, исламдағы басты құндылықтардың бірі – мемлекетте (қоғамда) бейбіт өмір орнату. Екінші құндылық – қоғам мүшелерін олардың дініне, нәсіліне, тіліне немесе түсі мен жынысына қарамай бірлікке, тұрақтылыққа шақыру. Пайғамбар (с.ғ.с.) өзге дін өкілдерін кемсітпеді және қысымшылық жасамады. Олар мұсылмандар сияқты мемлекет қамқорлығына алынды: «Біздің қамқорлығымызға алынған яһудилерге зияндық жасалмайды, ал олардың дұшпандарына көмек көрсетілмейді» деп жарияланды.
Ертеде әр тайпаның қалада және далада өз достары мен дұшпандары болған. Бұлардың арасында соғыс үздіксіз жалғасып, күшті тайпалар әлсіздерге, үлкен тайпалар кішілеріне зұлымдық жасап келген. Енді бұдан былай Мединедегі бір тайпаның артында бірнеше тайпалардан құрылған күшті мемлекет тұрды. Осылайша мұсылмандар барлық тайпаларды бір басқару жүйесінің астына жинап, сол өлкедегі бүтін ұлттар мен діндерді бір араға қосты. Бұдан былай осы тайпалардың біріне немесе олардың дініне жасалған шабуыл бүтін мемлекетке жасалған шабуыл деп саналды. Бұған пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисі нақты айғақ болмақ:«Кім мұсылмандармен келісім жасасқан адамды өлтірсе, ешқашан жәннат иісін сезбейді» (Мүслим).
Хадистен ұққанымыздай, мұсылмандар өзімен келісім сөз жасасқан тайпалардың, адамдардың нәсіліне, сенімі мен ұстанымына қарап айырмады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) бұл сөзі көтеріліп отырған мәселенің маңызын, өзектілігін көрсетеді. Осы айтылған аят-хадистер – күні бүгінге дейін мұсылмандар үшін бағыт-бағдар. Олардың барлығына мұсылмандармен тең құқық берілді және қамқорлыққа алынды. Нақтырақ айтсақ, исламдағы негізгі құндылықтардың келесі баспалдағы – мемлекет азаматтарының (мұсылман және мұсылман емес) құқығының қорғалуы.
Мемлекет мұсылмандардың мемлекеті болғандықтан, пайғамбар (с.ғ.с.) басқа сенім өкілдері үшін қолынан келгенше қамқорлық жасады. «Кімде-кім мұсылмандармен бейбітшілік келісімін жасасқан мұсылман емес кісілерге әлімжеттік жасаса немесе олардың меншігіне тиесілі бір нәрсені тартып алса, сол адамға мен Қиямет күнінде қарсы куәлік беремін» (Сунан Әбу Дәуіт) деді. Хадистің мәтіні анық әрі кесімді түрде бір қоғамда тұратын, қарым-қатынас, байланысы бар басқа дін өкілінің ар-ожданына, мүлкіне зәредей болса да зиян тигізуге қатаң тиым салып отыр. Зұлымдық жасаған адамға қарсы пайғамбардың өзі куәлік бермек. Сондықтан «Мұсылман емес адамның мүлкін тартып алса, болады» немесе «Намаз оқымайтын адамды алдап соғуға болады» деген сияқты пікірлердің барлығы қате. Әдетте, мұндай пікірді адасқан ағым өкілдері айтады.
Өкінішке орай бір кездері Қазақстанның кейбір аймақтарында (Ақтөбе, Орал, Ақтау және т.б. облыстарда) осындай сылтаумен қарапайым адамдардың дүкендері, жанармай бекеттері тоналғандығы туралы деректер бар. Әрине, мұның барлығы адасушылық. Сондай ағымның ықпалына түскен жас жігіт оның қате екенін білмеуі әбден мүмкін. Бірақ оны сондай қылмыс жасауға итермелеп отырған «шейх» немесе «ұстаз» дін исламда олай емес екенін жақсы біледі. Оның мақсаты – жастарды адастыру, қоғамды «біз» (мұсылман) және «басқалар» (кәпірлер) деп бөліп, іріткі салу.
Демек, ислам дін мен мемлекет құндылықтарын бөліп қарамаған. Діннің де, мемлекеттің де құндылықтары ортақ. Олар: бейбіт өмір, қоғам бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық, конфессияаралық және этносаралық татулық, өзара түсінушілік, сүйіспеншілік, құқықтың сақталуы, балалардың жарқын болашағы және сол сияқты т.б.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста