ИТ ПЕН МЫСЫҚ ЖАЙЛЫ ХИКАЯТ

ИТ ПЕН МЫСЫҚ ЖАЙЛЫ ХИКАЯТ

Топан су кезінде Нұхтың ә.с. кемесі теңізге түскен соң, пайғамбар:

 

– Кеме тар, азық өлшеулі. Сыймай кетеміз. Нәпсілеріңді тежеңдер, – деп әмір етеді. Ит шыдай алмай, жұбымен шағылысып қояды. Мысық байқап қойып, пайғамбарға арыз айтады. Нұх ә.с.:

 

– Әй, ит, мысықтың айтқаны рас па? – деді. Ит:

 

– Құдай сақтасын! – деп мойындамайды.

 

– Мысық көріпті ғой?

 

– Оның іші тар. Менің адаммен достығымды көре алмайды. Жалған айтады, – деп жалтарады. Осы кезде өзге мақұлықтар да:

 

– Ит өтірік айтпайтын шығар. Ол адаммен бұрыннан дос. Мысықтың пайда болғаны кеше ғана, – деді. Бәрі жабылып, мысықты келеке етіп, өзін ұятқа қалдырады. Мысық итке тісін қайрап кетіп қалады. Одан кейін күндіз-түні аңдығаны тағы да ит болады. Бірде ит тағы да түнде қосылып қояды. Бақылап тұрған мысық:

 

– Иә, Алла, бұл ит сенің пайғамбарыңа жалған сөйледі. Мені өтірікші қылды. Құдіретіңмен итті осы жағдайда ұстай тұр. Мен барып пайғамбарды шақырып келейін. Өзі көрсін. Маған сенсін, – деді.

 

Мысықтың дұғасы қабыл болды. Нұх ә.с. келгенше, ит босай алмай, ұрғашысына жабысып, ыңғайсыз қалыпта тұрып қалды. Мұны көрген Нұх итке ренжіді. Пайғамбарға өтірік айтқаны үшін Алла итті жазалайды. Содан бастап иттер шағылысқан кезде бір-бірінен босай алмай жабысып қалатын болыпты.

 

Иттің айыбын аңдып жүріп ашқаны үшін мысық та жазасыз қалмайды. Нұх ә.с.:

 

– Әй, мысық, ескерткенің дұрыс. Оған дау жоқ. Бірақ өзгенің айыбын ашып, елге шашқан жақсы емес. Құдай мұндай істі жек көреді. Әркім өз мінімен әуре болсын. Бұдан былай сен де шағылысқанда өзіңді өзің әйгіле, – деп жазалапты. Мысық содан бастап, күйі келгенде мауығып, жан-жағына білдіріп тұратын болыпты.

 

 

 

mazhab.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста