Кәмелетке толмаған жастардың некесін қиған имамдарға жауапкершілік күшейтілмек

Кәмелетке толмаған жастардың некесін қиған имамдарға жауапкершілік күшейтілмек

Сонымен қатар, балаларға дәстүрлі емес медициналық рәсімдерді жүргізуге тыйым салу және жауапкершілікті айқындау жоспарда бар.

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты неке қию рәсімін өткізген діни қызметкердің жауапкершілігі қатаңдайды. Оқу-ағарту министрлігі бұл үшін бірқатар заңнамаға өзгеріс енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы құзырлы министрлік Ашық НҚА порталында жариялаған "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының" жобасынан белгілі болды. 

Жоспарда "Діни қызметшілердің кәмелетке толмағандарға қатысты неке қию рәсімін өткізгені үшін жауапкершілігін қатаңдату" шарасын орындау мерзімі болып 2024 жылдың бірінші тоқсаны белгіленген. 

Сонымен қатар, жоспар аясында:

медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту жөніндегі уәкілетті орталық органның құзыретін беру;
балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру;
жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған кәмелетке толмағандарды арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін негіздер тізбесіне қосу;
білім беру ұйымдарының өткізу режимін сақтау жөніндегі азаматтардың міндеттерін бекіту;
пәтер иелері мен құрылыс компанияларының терезе жақтауларына арнайы құлыптар, қауіпсіздік құрылғыларын орнату жөніндегі жауапкершілігін айқындау;
балаларға қатысты дәстүрлі емес медициналық рәсімдерді жүргізуге тыйым салу және жауапкершілікті айқындау;
кәмелетке толмағандарға қатысты қудалау үшін жауапкершілікті қатаңдату;
арнайы білім беру ұйымдарын өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарына айналдыру;
кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушының немесе агрессордың мінез-құлқына сот қоятын ерекше талаптарды бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізу және сот құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген кезде оны бірлескен тұрғын үйден уақытша шығаруды қамтамасыз ету;
кәмелетке толмағандардың дербес деректерін, оның ішінде интернет желісінде қорғау;
кәмелетке толмағанның дербес деректерін, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын және телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жария еткені үшін жауапкершілікті қатаңдату шаралары көзделген.
Дереккөз: informburo.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста