Келінімнің көзінше көйлексіз жүрсем бола ма?

Келінімнің көзінше көйлексіз жүрсем бола ма?

Әссаламуалейкум! Мен мүгедек жан едім. Физикалық тұрғыда өте әлсізбін. Мүгедек арбасында отырған кезде денем қатты қызады, әсіресе арқам. Үйде отырғанда ылғи трико киіп, денем жалаңаш отырамын. Мені күтіп бағып отырған кіші інім үйленбекші. Үйге келін келгеннен кейін мен үстіме көйлек киіп отыруым керек болады. Ал, менің көйлек киіп отыруға жағдайым келмей тұр. Бұл жағдайда шариғат бойынша не істеуім керек? Аман


Жауап
Уа алейкум ассалам!

Алла Тағала деніңізге шипа берсін! Сауалыңызға келер болсақ, Құран Кәрімде: «Ей, Адам ұрпақтары! Сендерге ұятты жерлеріңді жабатын киім түсірдік әрі сәндік киімдерді де. Ал, тақуалық киімі – қайырлы...[1]», – деп әмір етілген. Бұл жерде тақуалық киімі деп адамның әуретті жерін жабатын киімдер жайлы айтылып тұрса керек.

Әурет – дененің бөгде адам көзінен қорғау міндет болған мүшелері. Ханафи мәзһабы бойынша, ер адамның әурет (ұятты) жері – кіндік пен тізе аралығы. Бұл ең соңғы шегі деп ескерген жөн. Белгілі жағдайда кіндікке дейін денені жалаңаштауға болатынын аңғартады. Дегенмен, әдептілік тұрғысынан көйлек немесе жейде киген дұрыс. Себебі, Пайғамбарымыздың: « ...кіндік пен тізе арасы – әурет[2]», – дегені риуаят етіледі.

Жеңге мен келін бауырларыңыздың жұбайы болғанымен, олар сіздің көзіңізше орамалсыз жүруіне тағы болмайтындығы сияқты, сіз де мейлінше көйлек және жейде кигеніңіз дұрыс. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста