Келіннің сәлем салуы шариғатқа қайшы ма?...

Келіннің сәлем салуы шариғатқа қайшы ма?...

Сұрақ: Қазақта үлкен кісілерге келіндер сәлем етеді. Бұл шариғатқа қайшы ма?
Жауап: Иіліп сәлемдесуге ешбір танымал ислам ғалымы «ширк»деп үкім шығармаған. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) «Иіліп сәлем бермеңдер, олай істеу – Алла Тағалаға серік қосуға жатады, яки, тозақта азапталасыңдар» деген тәрізді иіліп сәлем беруді қатты ескертіп келген сахихты былай қойғанда, әлсіз де болса, ешбір хадисі жоқ.
Иіліп сәлем беруге байланысты әт-Тирмизидің хадис жинағында Әнас ибн Мәликтен риуаят етілген мынандай бір ғана хадис бар.
«Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.у.): Бізден бір кісі өзінің бауырымен яки досымен ұшырасқанда оған (сәлем берген кезде) иіле ме? – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жоқ», – деді. Ал оны құшақтап, (бетінен) сүйеді ме? – деп тағы да сұрақ қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жоқ», – деді. Ал қолын алып амандаса ма?-деді. Пайғамбарымыз: «Иә», – деп жауап берді.
Бұл хадис «иіліп сәлем салудың» ширк екендігін яки харамдығын білдірмейді. Олай дейтініміз, біріншіден, бұл хадис сахих емес. Хадистің дұрыстық дәрежесіне байланысты ғұламалар әртүрлі пікір білдірген. Хадис ғалымдары әт-Тирмизи бұл хадисті келтіргеннен кейін оған «хасан» деп баға берсе, Ахмад ибн Ханбал «әлсіз» деген. Хадисті риуаят етушілердің арасында Ханзала ибн Убайдуллаһ деген кісі бар. Ал ол кісі «әлсіздердің» қатарына жатады.
Екіншіден, хадисті дәлел ретінде қабылдағанның өзінде хадистегі «Иіле ме?» деген сауалға Пайғамбарымыздың «жоқ» деген жауабын үзілді-кесілді қатаң тыйым ретінде емес, «қажет емес» деген мағынада да түсінуге болады. Оған дәлеліміз, егер «иіліп сәлем беру» ширк, яки анық харам болғанда, пайғамбарымыз «жоқ» деп қана жауап бермей басқа қатаң тыйымды білдіретін сөздерімен ескертуін жасар еді. Бұған қоса, хадистегі «Оны құшақтап (бетінен) сүйеді ме» деген сауалға да Пайғамбарымыз «жоқ» деп қана жауап берген. Ал енді хадистегі «Иіле ме?» деген сұраққа пайғамбарымыздың «жоқ» деген жауабын негізге алып, «иіліп сәлем беруді» ширкке яки харамға шығарар болсақ, онда құшақтап амандасу мен беттен сүюді де ширкке яки харамға шығаруға тура келеді. Себебі, Пайғамбарымыз «Оны құшақтап (бетінен) сүйеді ме?» деген сауалға да «жоқ» деп жауап берген. Алайда құшақтап амандасуды ешбір ғалым ширк яки харам демеген. Керісінше пайғамбарымыз бен ардақты сахабалардың сапардан келген кісіні тұрып қарсы алып, құшақтап амандасқандықтары жайлы: «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабалары бір-бірімен кездескенде қол алысып амандасатын. Ал сапардан оралған кезде бір-бірімен құшақтасып амандасатын» делінген сахих риуаяттар бар. Олай болса, пайғамбарымыздың “жоқ” деген жауабын негізге алып, иіліп сәлем берудің Жаратқанға серік қосуға яғи харамға шығарылмайтындығы анық. Яғни, екі сұрақтың да жауабы бірдей болғандықтан үкімдері де бірдей яки ұсқас болуға тиіс.
Үшіншіден, хадисте «иілудің» нақты мөлшері көрсетілмеген. Бәлкім, хадисте айтылған «иілу» намаздағы ерлердің рүкуғ деңгейіндегі иілу болуы да мүмкін. Сондықтан рүкуғ деңгейіне жетпейтін иілудің үкіміне мүлдем өзгеше қарауға да болады. Қазіргі таңда адамдар бір-бірімен амандасқанда, әсіресе жастар үлкендермен амандасқанда бастарымен қоса кеуделерін сәл иетіндігі мәлім. Ал мұны ешкім ширкке яки, харамға есептемеуде. Ал егер жалпы иілу харам болғанда, бұл да харам болар еді.
Имам ән-Нәуауий секілді ислам ғұламалары жоғарыда келтірілген хадистің дәрежесін әрі пайғамбарымыздың «жоқ» деген сөзінің қатаң тыйымды білдірмейтіндігін ескере отырып, иіліп сәлем беруге «ширк» яки «харам» деп емес, «мәкрүһ» деп қана үкім берген.
Жалпы, құрмет ниетімен иілудің Аллаға серік қосу яки харам емес екендігін сахих хадистермен дәлелдеуге де болады. Мәселен, Исламда тақуа яки сыйлы, қарт кісіге құрмет көрсету ниетімен қолын сүюге рұқсат бар. Сахабалардың пайғамбарымыздың, тіпті бір-бірінің қолдарын сүйгендіктері жайлы көптеген сахих хадистер бар. Бұл жайлы “Тақуа яки, сыйлы қария кісілердің қолын сүю арқылы оларға құрмет көрсетуге бола ма?” деген сауалға берген жауабымызда Имам әл-Бухаридің «Әл-адабул-мүфрад» атты кітабында берген хадистерін келтіргенбіз.
Қол сүйетін адамның кісі алдында бел бүгіп, иілетіндігі сөзсіз. Ал мұндай иілуге ешбір ислам ғұламасы “ширк” яки “харам” демеген. Егер жалпы иілу харам болғанда қол сүю арқылы құрмет көрсету де харам болар еді.
Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Атия Сақрдың «Сахынада өнер адамы тыңдаушылардың қошеметіне алғыс ретінде иілуіне бола ма?» деген сұраққа 1997 жылғы май айында берген пәтуасынан үзінді келтіре кетейік: “…Кейде үкімдер ниетке қарай бағаланады. Сондықтан халыққа деген алғысын білдіріп, кішіпейілділік ниетімен иіліп сәлем берудің еш оқасы жоқ. Бірақ қатты иілмеген де жөн…”.
Иә, Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Атия Сақрдың жоғарыда келтірген пәтуасын негізге ала отырып, келіндердің үлкендерге инабаттылық әрі құрмет көрсету мақсатында иіліп сәлем берулерінің еш ағаттығы жоқ деген үкімді анықтауға болады. Бірақ намаздағы (ерлердің жасайтын) рүкүғ деңгейінде болмағаны абзал. Ал егер «сәлем салу» ғибадат ету, табыну мақсатында болса, онда харам әрі ширк екендігінде шүбә жоқ.
Сөз түйіні, құрмет ниетімен сәлем салу исламда харам яки Алла Тағалаға серік қосуға жатпайды. Бұл – қазақтың әдет-ғұрпы. Діни міндет те емес. Қазақ келіндерінің ешбірі табыну мақсатында сәлем салмайтыны баршаға мәлім. Ендеше, ғасырлардан бері ислам дінін жетік білген ғұламалардың көз алдында жалғасын тауып келе жатқан бұл әдетті ширкке балап, елдің шырқын бұзу – әсте дұрыс емес.
Тағы бір қаперге алатын жайт, келіннің ата-енесі мен сол әулеттің үлкендеріне құрмет көрсетіп, ізет білдіруі – тек қана сәлем салумен өлшенбейді. Оның жеке басының имандылығы мен бойындағы басқа да адамгершілік қасиеттерін басты назарда ұстаған жөн.

muftiyat.kz
(Түпнұсқадағы тақырып: Келіннің сәлем салуы...)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста