Көлік ішінде намаз оқуға бола ма?

Көлік ішінде намаз оқуға бола ма?

Қазіргі кезде көпшілік мұсылмандар осы сұрақты жиі қойып жүр. Намазын толық өтей алатын адам, яғни дені сау, отырып-тұрып, сәжде қыла алатын адамның кеме, ұшақ және автобус секілді көліктерде парыздарды отырып оқуына рұқсат емес. Бұл ретте тек тәйеммум етуді қажет ететін үзірлер бар болса ғана рұқсат.
Зәру үзірлерге мыналар жатады:
Мал-мүліктің, жанның, жануардың қауіпте болуы; түскенде жануардың немесе жануардағы, яки қасындағы заттардың, мүліктің ұрлануы; жыртқыш жануар, дұшпан қаупі; жердің лай болуы; жаңбыр болуы; науқастың түскенде, қайта мінгенде жазылуының кешігуі немесе ауруының асқынуы; достары күтпей қауіпте қалуы; түскеннен кейін жануарға жәрдемшісіз міне алмай қалуы сияқты себептер жеке-жеке үзір болып табылады.
Осындай бір үзірмен көліктің ішінде ишаратпен намаз оқуға рұқсат етіледі. Намазда отырғандай жерге немесе отырғыштың үстінде отырып, құбылаға қарап намаз оқылады.
Аталған үзірлер жоқ болса, отырған күйде көлікте намаз оқуға болмайды. Автобус тоқтаған кезде оқып алуға болады. Немесе автобусты тоқтатып намаз оқу керек. Тоқтата алмаған адам түсіп, намазын оқып болғаннан кейін басқа көлікпен кетеді. Басында автобусқа мінерде «Намаз уақыттарында жолда тоқтайтын болсаң, сендерден билет аламын» деп келісіп міну керек.
Бұларды жасай алмайтын болса, басқа үш мазһабтың бірі тақлид етіліп, екі намаз жәм етіледі (біріктіріліп оқылады).
Кетіп бара жатқан кемеде парыздарды үзірсіз отырып оқу екі имамның үкімі бойынша жаиз емес. Бастың айналуы үзір болып саналады.
Теңіздің ортасында зәкірлі кеме желге қатты шайқалып жатқан болса, кетіп бара жатқан кеме сияқты үкімде болады. Қатты шайқалмайтын болса, жағаға жақындаған болса, парыз намаздарды отырып оқуға рұқсат етілмейді.
Кетіп бара жатқан кемеде намазды бастарда құбылаға қарап тұру және кеме бұрылғанда құбылаға бұрылу керек.
Сафари (жолаушы) болған адам кемеде және поезда парыз намазды құбылаға қарап тұрып, сәжде жасайтын жердің жанына компас қойып, кеме мен поезд бұрылған кезде өзі де құбылаға қарай бұрылуы керек. Немесе басқа біреу оңға-солға оны бұрып тұруы керек. (С.Әбәдийа) Намазда кеудесі құбыладан бұрылып кетсе, намазы бұзылады. Өйткені кеме мен поезд үй сияқты үкімде. Жануардың үсті сияқты емес.
Автобуста, поезда, толқынды теңізде құбылаға қарап тұра алмағандардың парыз намаздары жаиз болмайды. Ондай адамдар жолда сафари болу мерзімі бойы Малики, Шафии немесе Ханбели мазһабтарының бірін тақлид етіп, екі намазды жәм етіп (біріктіріп) оқи алады.
Негізі мәжбүр болмағанша көлікте намаз оқымаған жөн. Одан да екі намазды біріктіріп оқыған жөн. Көлікте оқуға мәжбүр болсаңыз, малдас құрып немесе тізерлеп отыруыңыз керек. Аяқ киімді шешуіңіз керек. Намаз құбылаға қарап ишаратпен оқылады.
Кейбіреулер «көліктен түсуге мүмкіндік болмайды, автобус тоқтаусыз кетіп бара жатады, мұндай кезде намазды құбылаға қарап қалай оқимын?» деп сұрақ қояды. Егер тіптен мүмкіндік болмаса, жолдарда бұрылыстар көп емес, түзу жолға түскен кезде екі рәкат оқисыз, ең қысқа сүрелерді оқисыз, құбылаға бұрылып, сол күйде оқисыз. Егер бесін уақытында да оқуға мүмкіндік болмаса, онда екінді уақытында көліктен түскенде жәм етуіңізге болады. Сафари болғанда Шафии, Малики немесе Ханбели мазһабтарының бірі тақлид етіліп жәм қылынады. Мұқим (жергілікті) болғанда жәм ету қажеттілігі туындағанда Ханбели мазһабы тақлид етіліп оқылады.
«Ұшақпен ұшып бара жатқанда бір намаз уақыты шығатындай болса, не істеу керек?» дегенге келетін болсақ, мұндай жағдайда ұшақта да намаз оқылады. Ұшақта намаз оқитын мүмкіндік болмай, уақыты да шығып кететіндей жағдай болса, басқа үш мазһабтың бірін тақлид етіп, екі намазды жәм қылып, алдын ала немесе өткізіп оқу керек. Таң намазы жәм етілмейді. Егер таң намазы кіргенде ұшаққа мініп түскенде күн шығатын болса, намазды қазаға қалдыру харам болғандықтан, ұшақтың артқы жақтарында бір жерге барып оқу керек. Түрегеп тұрып оқу мүмкін болмаса, отырып жерге сәжде етіп оқу керек. Сәжде етуге де мүмкіндік болмаса, тек осы жағдайда ғана ишарамен оқуға болады. Ал бесін уақыты кезінде ұшақта болсаңыз, ұзақ сапар болса, намазды қысқартып, екі рәкатын оқисыз. Екінті намазына үлгеретін болсаңыз, ұшақтан түскен соң, екі рәкат бесін, екі рәкат екінті намазын оқисыз.
Ескерту: Екінді уақытында Америкаға жетпейтін болсаңыз, тұрып оқуға да мүмкіндік болмаса, онда ұшақтың ішінде отырғыштың үстінде тізерлеп немесе малдас құрып отырып, ишаратпен намазыңызды оқисыз. Онсыз да келе жатқанда мұны мәжбүрлікпен істейсіз, себебі намаз уақыттары жолда өтіп кетеді.
«Намазды автобуста отырып оқуға мәжбүр болсақ, автобустың тоқтап тұруы қажет пе?» деген сұраққа жауап бере кететін болсақ, автобус тоқтап тұрғанда оқуға мүмкіндік бар болса, тоқтағанда оқылады. Тоқтамаса, жүріп бара жатқанда да оқылады. Ал кемеде немесе поезда назам құбылаға қарап оқылуы шарт. Сапарлағанда төрт рәкаттық парыздар екі рәкаттан оқылады. Екі рәкатты оқып болғанға дейін кеменің, поездың бағыты, жалпы алғанда, өзгермейді. Егер оңға, солға бұрылса, құбылаға қарап тұрып, сәжде етілетін жердің жанына компас қою керек. Кеме немесе поезд бұрылған кезде өзі де құбылаға қарай бұрылу керек. Немесе басқа бір адам оңға-солға бұрып тұру керек. Кеме мен поезд үй сияқты үкімде болғандықтан, намазда кеудесі құбыладан ажыраса, намазы бұзылады. Мұндай көлік құралдарында құбылаға бұрыла алмағандардың парыз намаздары сахих болмайды. Бұлардың жолда сафари болған мерзімі бойы барған жерлерінде басқа үш мазһабтың бірін тақлид етіп, екі намазды жәм етіп оқуына болады. Сапар кезінде жолда оқи алмаса, барған жерлерінде мұқим болғанда Ханбели мазһабын тақлид етіп жәм қылады.
Негізі ұшақ, кеме, поезд және автобуста назам оқудың үкімі бірдей. Мысалы ұшақта намаз уақыты шығатын болса, ұшақтан түсу мүмкін емес. Кемеден де түсу мүмкін емес. Поезда бір станцияда түсуге болады. Автобустан түсу оңайырақ. Көліктің қай түрі болса да, намазды қазаға қалдырмайтындай түрде әрекеттерді, уақыттарды туралау керек. Әрбіріне жеке-жеке мысал келтірейік:
Ұшақта: Ішкі сапар болса, яғни бір-екі сағаттық жол болса, ұшақта отырып намаз оқуға қажеттілік жоқ. Түскенде екі намазды жәм қылып оқуға мүмкіндік бар. Егер таң намазы кіргенде ұшаққа мініп, түскенде күн шығатын болса, намазды қазаға қалдыру харам болғандықтан, ұшақтың артқы жақтарында бір жер тауып, тұрып оқуға мүмкіндік болмаса, отырып оңай намаз оқуға болады. Ишаратпен оқуға қажеттілік қалмайды.
Ұшақта да құбылаға қарау шарт. Ұшақ бұлталақ ұшпағандықтан, құбыла қатты ауытқымайды. 10 немесе 20 градусқа бұрылса да, құбыланы өзгертпейді. Мысалы, Астанадан Қызылордаға ұшқан адам ұшақтың ұшу бағытына қарап намазын оқиды. Қызылордадан Астанаға ұшқан адам ұшақ бағытының терісіне қарап намазын оқиды. Қарағандыдан Алматыға ұшқан адам ұшақтың 90 градус оң жағына бұрылып намазын оқиды. Қайтарда да 90 градус ұшақтың сол жағына қарап оқиды. Шетелге ұшқан кезде де құбыла бағытына қарай сәйкестеп ұшақта намазын оқиды.Жүріп бара жатқан кемеде де ұшақтағыдай құбылаға бұрылып, намазды тұрып оқу мүмкін болмаса, отырып оқылады. Ишаратпен оқуға да қажеттілік қалмайды. Ал поезд станцияларда тоқтағанда түрегеп намаз оқуға болады. Кейбір станцияларда поездан түсіп оқуға да мүмкіндік болады. Поездың ішінде де, тұрып оқи алмаған жағдайда, отырып оқуға болады. Ішінде де отырып оқуға мүмкіндік болмаса, түскен кезде екі намаз жәм етіледі (біріктіріледі).
Автобус ұшақ, кеме және поезд сияқты емес. Автобусқа отырарда келісуге болады. Мысалы «Егер намаз уақытында бір жерге тоқтайтын болсаңыз, билетті сіздерден аламын» деуге болады. Сөз берген болса да намаз уақытында автобус тоқтамаса, мүмкін болған жерде түсіп, намаз оқылады, басқа бір автобуспен сапар жалғастырылады. Жанында науқас сияқтылар бар болса, түскенде жәм етуге болады. Жәм ете алмайтындай да жағдайда болса, мәжбүрлікпен автобустың ішінде коридорда отырып намаз оқуына болады. Бұған да мүмкіндік болмаса, отырған жерінде аяқтарын жинап, ишаратпен оқиды. Құбылаға бұрыла алғанынша бұрылуы шарт.
Ибн Абидин хазреттері былай деген: «Сау адамның кемеде, поезда, жүріп бара жатқанда парыздарды отырып оқуы Имам Ағзамның үкімі бойынша жаиз (рұқсат) болса да, Имамәйннің үкімі бойынша үзірсіз жаиз емес. Пәтуа да осындай». Демек, үзір бар болса, отырып оқу жаиз болады. Ешқандай үзір жоқ болса, отырып оқуға болмайды.

www.islamdini.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста