Көз тиюден сақтанудың жолдары

Көз тиюден сақтанудың жолдары

Қазіргі кезде тіл-көз тиюге байланысты қоғам екіге бөлінеді. Бірі көз тию дегенге сенбесе, енді бірі оның бар екендігіне күмән келтірмейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Шынымен бұл ырым ба, әлде дінде бар құбылыс па деген сауал туындайды. Осыған байланысты дінтанушы мамандардың пікірлеріне жүгіндік.

 

Дінтанушы Алау Әділбаевтың айтуынша, көз тию шындық. Ол халық тәжірибесімен де, ғылыми нәтижелермен де расталған құбылыс.

 

– Шын мәнінде әлемде біз түсініп, түсіндіре алмайтын құбылыстар әлі көп. Сондықтан көз тиюден сақтану үшін материалдық қана емес, дұға және Аллаға сыйыну секілді рухани және діни себептерге жүгіну қажет, – дейді дінтанушы.

 

Ал Алматы облысы Қарасай ауданының бас имамы Ернар Мәженнің айтуынша, тіл-көз тию шариғатта бар және ол расталған.

 

– Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) «Көз тию хақ» деген хадисі бар. Пайғамбар заманында бір сахаба шомылып жатқанда екінші сахаба оған сұқтанып қарағаны салдарынан оның ауырып қалғаны туралы деректер бар. Сол кезде Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) «Адамның бойынан жақсы бір қасиетті көрсеңіздер, оған дұға жасаңыздар» деген екен, – дейді имам.

 

Сондай-ақ Алау Әділбаев көз тиюден сақтану үшін мына нәрселерге ерекше мән берген жөн дейді: «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін, сонымен қатар Алланың есімдері мен сипаттарын, Оның аты аталған аяттарды оқу қажет; Елдің назарын өзіне аудартатын, олардың қызығушылығы мен қызғанышын тудыратын киім-кешектер кию мен түрлі әрекеттерден сақтану; Өзін мақтаған кісілерге «машалла, баракалла деңіздер» деп кеңес беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, баракалла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді», – деген.

 

Көзі тигіш кісілер мен орталардан мүмкіндігінше алшақ жүру. Ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда ол жерлерге бармау, бара қалған жағдайда Аллаға сыйынып, жәрдем сұрап дұға жасау қажет.

 

Дінтанушы өзіне көзі өткен адам белгілі болса, ол кісі бір ыдысқа су құйып алып дәрет алуы керек дейді. Сосын көз тиген кісі сол адамның дәрет алған суын басынан бастап, денесіне түгел құйғаны абзал екен.

 

– Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларына осылай жасатқандығы мәлім. Егер көзі өткен адам белгісіз болса, Алладан жәрдем сұрап, дұға тілеу қажет. Осылай дұға жасауды терминологияда «руқия» деп атайды.

 

Имам Муслимнің хадис жинағында Жәбірейіл періштенің Пайғамбарымызға үйреткен мынадай рұқия дұғасы бар: «Бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иашфикә».

 

«Алланың атымен.. Саған қиындық пен ауртпалық берген барлық нәрседен, әрбір жанның және кез келген қызғаншақ, көреалмаушының жамандығынан саған руқия жасаймын» (Саған дем саламын). Себебі шипа беруші – бір Алла ғана, – дейді  Алау Әділбаев.

 

Көз тиюден қорғану үшін әрдайым Алланы зікір етіп жүру керек. Сондай-ақ Құран аяттарын, дұғаларды оқып жүрген абзал.

 

Тағы бір ескеретін жайт, көп жұрттың ортасында назарға ілінбеуге тырысу керек. Қазақта «шілде сақтау» деген түсінік бар – жаңадан босанған анасын да, баласында да қырық күнге дейін ешкімге көрсетпеуге тырысады. Себебі балаға көз тимесін дейді.

 

Кейбір өңірлерде жаңа үйленгендердің де шілдесін көрсетпейді. Мұның барлығы жұрт қызғанып, сұқтанып қарамаудан сақтаған.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста