Күйеуіңіз Сізді қызғана ма?

Күйеуіңіз Сізді қызғана ма?

Тәмсіл Ибн Касир мынадай дерек жазады: «286 һижра жылы оқиғасы. Рай қаласының қазиына (қазіргі Иран мемлекетіне қарасты) отбасында кикілжің болып, өзінің 500 динар мәһрін талап етуші әйелден шағым түседі. Күйеуі бұл менің әйелім емес дейді. Әйел сөзінің растығына айғақ ретінде некеге куә болған кісілерді шақыртады. Куәлар: «Сол әйел екенін білу үшін бетін ашсын», – дейді. Әйелдің бетін ашпақ болған кезде күйеуі: «Олай етпеңдер, ол рас айтады, арызы орынды», – деп мойындайды. Сонда, оның жүзін күйеуі бөтен ер кісіге көрсеткісі келмейтінін байқаған әйел: «Мен дүние және ақыретте мәһр ақысын кештім», – дейді. Дауда төрелік етіп отырған қази: «Бұл екеуінің бірін-бірі қызғануы неткен тамаша, бұл көркем мінез боп жазылады», – деген екен».

 

Қазақта «Сұлу әйелдің күйеуі – күзетші» деген мақал бар. Бұл мәтел жақсы мақсатта айтылғанымен, оны тікелей түсініп, шектен тыс қызғану да орын алып жатады. Күйеуі әйелінің, әйелі күйеуінін басқан ізін аңдып тіршілік ететіндер қаншама. Сенім болмаса күдік өршиді. Күдік қызғанышты тербетеді. Қызғаныш – санаңды билер у, тіршілігінді талқандар тасқын. Ол биіктен басталған селдей жолындағының бәрін жайпап өтеді. Оның орнында тек қайғы-қасірет қана қалады. Бір-біріне ғашық болып қосылған қаншама жұбайлар сол қызғаныштың кесірінен армандарынан ажырап қалады. Сондықтан күдік туғызбайтындай күн кешу ләзім. Күдік тумау үшін құпия жүріс болмауы шарт. Ерлі-зайыптылар өзара сенімді қарым-қатынас орната білгендері жөн. Қызғаныштың емі – ақыл мен сабыр. Басты дауасы – имандылық.

 

Ер азаматтың бойында әйеліне деген қызғаныштың болмауы да жаман. Тіпті, хадисте қызғанбайтындар туралы ауыр айтылады. Аммар бин Ясирден (р.а.) Пайғамбарымыз (ﷺ): «Үш кісі ешуақытта Жәннатқа кірмейді. Олар: Дәйіс (әйелін қызғанбайтын еркек), еркекшора әйел және араққа салынған маскүнем, – деді. Адамдар: Уа, Алла Елшісі, маскүнем кім екенін білеміз, дәйіс деген кім? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ): Отбасына кімнің кіргеніне мән бермейтін адам, – деп жауап берді». Демек, әйелі қысқа киіп, орамалсыз жүруіне және сол күйі көшеге шығуына бейжай қарап, сырт көздерден қызғанбаған адам күнәһар болады.  Хадисте: «Қызғаныштың Алла Тағала құп көретіні және жақтырмайтыны бар. Тәкаппарлықтың да Алла Тағала ұнататын және ұнатпайтыны бар. Алла Тағала құп көретін қызғаныш себеппен болғаны. Ал, себепсіз қызғанышты жақтырмайды. Алла Тағала ұнататын тәкәппарлық соғыс алаңында болғаны, ал байлығы және даңдайсуы себепті болғанын жақтырмайды», – деп айтылған.

 

Отбасының ажырап кетуіне қызғану ғана емес, қызғанбау да себеп болса керек. Ері әйелін қызғанбауынан оған көңіл аз бөлінеді. Нәтижесінде әйелі мейірім мен махаббатты сырттан іздейді. Нәпсіге еріп, өзге еркекке назары ауып, нәтижесінде ашық киініп, боянып-сыланып, тіпті бөтен ердің қойнына кіруге дейін барады. Бұл жерде негізгі себеп ер азаматтың бойындағы жауапсыздық, әйеліне деген немқұрайлылық болып тұр. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): «Әйелін қызғанбайтын еркек менін үмбетімнен емес» деген.

 

Сондықтан, біз шаңырақ көтерген әрбір азаматқа әйлдеріңізді белгілі дәрежеде қызғану орынды екендігін ескертеміз. Немқұрайлылық танытпау және шектен тыс қызғанбай бақытты отбасының кілті болмақ. Әрине ол үшін нәпсіні тәрбиелеп отыратын иман қажет.

 

Алла Тағала әр отбасыға береке дарытсын. Шаңырақ шайқалмасын!

 

 

 

 

Валиев Ахмадулла

Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста